Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«JAS OTAN»-ДЫҚТАР ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Сүндет Кенжебаев ауданның ерікті, белсенді жастарымен онлайн басқосу өткізді.

Күн тәртібіне қойылған негізгі мәселе – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде, барлық елді мекен тұрғындары арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын заң аясында жүргізу болды.

Қазақстанның бүгінде бәсекеге қабілетті дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көрінуі бірінші кезекте Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген сарабдал саясатының нәтижесі екенін айтқан Сүндет Кенжебаев елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру, бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны, әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде партия тарапынан жүзеге асырылған бағдарламаларға, олардың нәтижелеріне тоқталды.

Сан саланың дамуына ықпал еткен партияға 10 қаңтар күні өтетін сайлауда қолдау көрсетіп, дауыс беруге уағдаласқан «Jas Otan»-дықтар алдағы атқарар жұмыстарын тағы да бір пысықтап алды

0
0
102

Еще по теме

«JAS OTAN»-ДЫҚТАР ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ - Yvision.kz