Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙРАМ АУДАНЫ ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Сайрам ауданына іс-сапармен келді. Штаб мүшелері сапарын Қарабұлақ ауылдық округінен бастады. Ауыл тұрғындарымен кездесіп «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарымен таныстырды.

— «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Бағдарлама аса ауқымды, әрі нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттармен бағдарламалар жиынтығы. Оның ішінде әрбір қазақстандықтың, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, әрбір азамат жаңа білімге ұмтылып, тұрақты түрде дамуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауы қажет. Бағдарлама осынау талпыныстарды қолдауға бағытталған. Оған қоса бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті қарқынды қолдау, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу мен есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтарды қалыптастыру көзделген, - деді штаб мүшесі Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс депутаты Фахриддин Каратаев.

Сондай-ақ , респубикалық қоғамдық штаб мүшесі Сырым Ертаев өз кезегінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы кәсіпкерлікті қолдауға негізделген бағыттарына тоқталды. Денсаулық сақтау саласын қолдауға бағытталған бағдарламаларды тілге тие кетті.

- Биылғы пандемия еліміздің экономика саласына, кәсіпкерлік саласына, тағы басқа салаларына өз зардабын тигізді және денсаулық сақтау саласын қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Бағдарлама осы салаларды дамытуға бағытталып отыр,- деді ол.

Өз кезегінде сөз алған штаб мүшелері Мөлдір Бақытжанова мен Марина Лимаренко «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы қазақстандық отбасылардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруға негізделген бағыттарын айтты.

Одан соң штаб мүшелерінің іс-сапары Манкент ауылдық округінде және Ақсукент ауылдық округінде жалғасты. Ақсукент ауылдық округіндегі кездесу кезінде Әйтеке би ауылы тұрғындарының мәселесін тыңдады. Ауыл тұрғындарын толғандыратын ауыз су, сапалы жарық, көгілдір отын, сапалы жол және ғаламтор мәселесі алдағы уақытта «Nur Otan» партиясы тарапынан қолдау тауып, тиісті дәрежеде шешілетінін жеткізді штаб мүшелері.

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
249

Еще по теме

САЙРАМ АУДАНЫ ҚАЛАЙ ДАМИДЫ? - Yvision.kz