Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ — ТҮЛКІБАСТА

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Түлкібас ауданында да кездесу өткізді. Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәуленқұлов Жеңісбек, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай Қамзабекұлы, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбайдың қатысуымен сайлау алды үгіт-насихат шарасы өтті. Шарада ауданның білім саласында жеткен жетістіктері де айтылды.

Шараға қатысушы қонақтар Елбасының ерен еңбегі мен халық сеніміне толықтай ие партияның жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев ауданның білім саласының өркендеп келе жатқанын білдіріп, ауданда білім саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтты.

Дархан Қамзабекұлы елімізде мұғалімдер мәртебесін көтеру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, мұғалімдердің еңбегіне кәсіби табыс тіледі.

Әрмен қарай Республикалық Қоғамдық штаб мүшелері аудандық мәдениет үйіне жол тартты. Мәдениет үйінің акт залында болған жиында қонақтар әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан теріс ақпараттарға алданбауға шақырып, мәдениет саласында қызмет ететін азаматтардың сұрағына орынды жауап берді.

0
0
158

Еще по теме

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ — ТҮЛКІБАСТА - Yvision.kz