Перейти к содержимому

Новое

Подомовая агитация кандидата

Акция «От двери к двери»

Кандидат в депутаты в районный маслихат Ермек Галиаскаров провел подомовую агитацию в рамках акции "От двери к двери». Кандидат ознакомил жителей многоквартирных домов с основными положениями предвыборной программы партии «Nur Otan», а также вручил им агитационные буклеты.

Кандидат в депутаты призвал жителей проявить свою гражданскую активность и прийти на выборы 10 января и отдать свой голос за достойную партию, которая будет представлять интересы населения.

0
0
141

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЭКСПРОМНТ-КЕЗДЕСУ

Бүгін Маңғыстау облыстық және қалалық сайлауалды штабының мүшелері Е.Абилов, Ж. Мұханбетқалиқызы, Ж.Мухановпен  облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Берекетов, Н.Наурызова, Қ.Джайлиев, Д.Унайбаев, Г.Жугембаева мен А. Кушикбаева №01 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде сөз алған Е.Абилов ағымдағы жылдың еліміз үшін оңай жыл болмағандығын, әсіресе пандемия кезеңінде медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылған жыл болғандығын айта келе атқарған жұмыстарына рахмет айтты.

Медицина қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты 7 басым бағыттары жайлы тоқталып өтті. Сайлауалды бағдарламада медицина саласын дамуту бағытында 2021 жылы Жаңаөзен қаласының «Ақбұлақ» шағын ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу, 2021 жылы Жаңаөзен қаласындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының филиалы үшін 3 модульді қосалқы станциясын салу (Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдары үшін), 2021 жылы Қызылсай ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу, 2021 жылы Рахат ауылының «Мерей» шағын ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу, 2021 жылы Жаңаөзен қаласының терапевтік корпусы ғимаратының құрылысын аяқтау, денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, басқа өңірлерден тар мамандарды тарту арқылы жергілікті жерлерде бекіту, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеп тұрған медициналық кадрларды ұстап қалу және жас мамандарды, оның ішінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерге тарту жұмыстары қамтылған.

Жиын соңында медицина қызметкерлері партия тарапынан жасалынып жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беретіндіктерін жеткізді.

0
0
134

"30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС"

Жаңаөзен қалалық Аналар кабинетінің "30 Қайырымды іс" акциясы аясында Рахат ауылының аз қамтылған 10 отбасына азық- түлік және балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Осы орайда қаржылай қолдау көрсеткені үшін, есімін жария етпеуді сұраған қаламыздың кәсіпкеріне Алғыс білдіреміз.

1
0
176

МАҢҒЫСТАУДА 1 МЛН 944 МЫҢ 700 ГЕКТАР ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Ауыл шаруашылығы мақсатында  302,4 мың гектар жерді  пайдалану бойынша веб-портал арқылы 297 жер пайдаланушыға хабарлама  жолданды. Облыс бойынша космомониторинг жобасы аясында, «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы пайдаланылмай жатқан 2 млн.302 мың гектар 364 жайылым жерлері анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов мәлім етті. Оның айтуынша, Маңғыстау облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үлесін  0,7 % арттыру көзделген. Бүгінгі күні 122,7 мың гектар жер учаскесі айналымға енгізіліп, көрсеткішке артығымен қол жеткізілді.

«Маңғыстауда 1 млн 944 мың 700 гектар жер учаскесі жергілікі атқарушы органдардың шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар порталдан тыс Маңғыстау ауданы әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 154 941,3 га құрайтын 14 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жаңаөзен қаласы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлік мақсаттағы жалпы көлемі 24,9 гектарды құрайтын 43 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметті автоматтандыру бағытында сауда-саттықты электронды түрде өткізу қолға алынды. Қазіргі уақытта, Ақтау, Жаңаөзен қаласы және Қарақия, Мұнайлы ауданы бойынша аукцион, конкурстар www.gosreestr.kz сайтында «Электронды сауда алаңында» өткізіліп жатыр. Қалған аудандар бойынша сауда-саттықтар электронды түрде 2021 жылдан бастап өткізілетін болады»,-деді басқарма басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
154

25 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Өңірде коронавируспен сырқаттанушылар санының көптеп тіркелуіне байланысты облыстық жедел штаб жаңа қаулы жасақтап жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев хабарлады.

Қаулыға сәйкес, Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасында санитарлық пост қойылады. Нақтырақ айтқанда көрші облыспен шектесетін Бейнеу ауданы Боранқұл елді мекенінде өңірге өткізіп-шығару шаралары күшейтіледі. Бұған Атырау облысының коронавирус көрсеткіштері бойынша  қызыл аймаққа кіруі себеп болып отыр.

«Маңғыстау мен Атырау арасындағы әдеттегідей емін-еркін қатынас тоқтатылады. Осы бағытта қозғалу азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді маңызды тауарлар тасу үшін немесе жұмыс бабымен жүрген азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Атырау облысының аумағында вахталық тәсілмен жұмыс істейтін өңір тұрғындары екі облыстың аумағынан еркін өте алады. Олардан ПТР тесттің нәтижесі сұралмайды. Алайда, Атыраудың аумағына өтуге рұқсат етілген азаматтар Маңғыстауға кері қайтар кезде санитарлық бекетте анкета толтыруға міндетті. Себебі, олар әрі қарай медициналық бақылауда болады», - деді ол.

Жаңа қаулыға сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес, ашық, жабық базарлар қызметі 18:00-ге дейін қысқарады. Сауда ойын орталықтары, гипермаркеттер, супермаркеттер жұмысы 22:00-ге дейін жалғасады. Кинотеатр қызметіне 20:00-ге дейін ғана рұқсат.

Сондай-ақ, корпоративтік шаралар, той, балаларға арналған ертеңгіліктер мен тағы басқа бұқаралық жиындар және отбасылық басқосуларға қатаң тыйым салынады. Карантин талаптарының орындалуы ұдайы мониторинг топтарының бақылауында болады.

Бұған дейін қонақ үй, хостел сияқты туризм саласындағы нысандар 70% толықтырумен жұмыс істесе, енді аталған мекемелер 50% сыйымдылығымен қызмет көрсетуге міндетті.

Өндіріс орындарынан басқа, кеңсе басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің 70% қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс.

Айта кетейік, соңғы 1 аптада өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10-нан 17-ге дейін өсті.

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Ғ.  Надуевтың жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Құжат Қоғамдық коммуникация орталығының әлеуметтік желідегі парақшалары мен БАҚ беттерінде жарияланады.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
185

БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

Бүгін, Маңғыстау облысына "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Бауыржан Байбек және республикалық сайлауалды штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында келді. Іс-сапардың алғашқы сапары,Маңғыстаудың ең жас ауданы, Мұнайлы ауданындағы кездесуден басталды. "Nur Otan" партиясының игі істерін, облыстың дамуына арналған сайлауалды бағдарламасындағы жобалардың өзі негізгі партияның еліміздегі саяси күш екендігін және өңірдің дамуына өз үлесін қосарын атап көрсетті. Соңғы кезде Мұнайлы ауданы бойынша ең өзекті мәселенің бірі осы аурухана болатын.  Енді алдағы  "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасынан орын алған жоба бойынша, жаңа аурухана салынатын болды.  "Nur Otan" партиясының төрағасының бірінші орынбасары  Бауыржан Байбектің Маңғыстау облысы бойынша сайлау алды іс-сапары негізгі мәселелердің шешілуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін!

Алға Nur Otan!

1
0
135

Встреча с молодежью

Сегодня кандидат в областной маслихат Георгиади Иван Владимирович провел агитационную встречу с инициативной молодежью.  Молодежь – это наше будущее. Обсудили вопросы Поддержки молодежи, которые отражены в предвыборной программе партии: это ежегодного трудоустройства не менее 2 тыс. человек из числа молодежи; трудоустройства не менее 150 молодых людей на летний период путем организации трудовых отрядов «Жасыл Ел»; ежегодного предоставления гранта акима города на реализацию бизнес идей; дальнейшей реализации ежегодно не менее 5-ти проектов по волонтерскому движению. В результате принятых мер молодежная безработица будет снижена с 5% до 4,4%, охват мероприятиями в сфере молодежной политики будут увеличен до 18 тыс. человек.

В ходе беседы молодежь поделилась своими успехами и рассказали о дорожной карте «Жастар Отанға» которая была принята на Сьезде «Жас Отан». Иван Владимирович выразил огромную благодарность нашим активистам которые помогают в распространении агитационных материалов. 10 января 2021 года приглашаем жителей области прийти на избирательные участки и сделать правильный выбор, проголосовать за партию конкретных дел - "Nur Otan"

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
148

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНЫҢ ТУРИЗМ БАҒЫТЫН ЖАНДАНДЫРМАҚ

Тұрғындармен кездесіп, партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жолындағы жұмыстарымен таныстырды.

Ауданда 2 ірі логистикалық байланыс торабы бар. Атап айтсақ, қарқынды дамып келе жатқан «Құрық» теңіз порты мен Түрікменстан Республикасымен шекаралас аймақта орналасқан «Болашақ» теміржол стансасы. Халықтың табысын арттыру мақсатында партия шекараның орналасу әлеуетін және Қарақия аймағындағы өнеркәсіптік өндірістің артықшылықтарын назарға алады.

Қарақия ауданы аумағында Бозжыра, Қарынжарық секілді ерекше табиғи шатқалдар бар. «Бекет ата», «Шопан ата», «Темір баба» жерасты мешіттері орналасқан. Бүгінгі таңда туризм бағыты – аудан экономикасының дамушы саласы болып табылады. Осыны ескере келе «Nur Otan» партиясы туризмді дамытуға арналған құрылыстар мен қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ең бірінші инфрақұрылымдарды жетілдіруді міндеттеп отыр. Оның ішінде «Саржа» теңіз жағалауындағы демалыс аймағына дейін асфальт жол, инженерлік желілердің құрылыстарын аяқтау, 100 орынды қонақ үй, жағажай демалысын дамыту мақсатында абаттандыру, жол бойы дүкен, кафе, жанармай құю бекетін ашу, сервистік қызмет көрсетуді дамыту жоспары бар. Бұл жұмыстар жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашып, туристер ағынын арттырады.

Аудандағы кездесулер барысында Мұнайшы ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, соңғы үлгімен жабдықтау, мәдениет саласын дамыту, отандық өнім өндірушілерді қолдау мәселелерін көтерді. Көптеген сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. Смағұл Бақытбек жауапты кезеңде бірлікті ұран ету, алдыңғы буынның ісін жалғастыратын бүгінгі жастар белсенді, жігерлі болу керек екенін басып айтты.

0
0
211