БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Бүгін, Маңғыстау облысына "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және республикалық сайлауалды штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында келді. Іс-сапардың алғашқы сапары,Маңғыстаудың ең жас ауданы, Мұнайлы ауданындағы кездесуден басталды. "Nur Otan" партиясының игі істерін, облыстың дамуына арналған сайлауалды бағдарламасындағы жобалардың өзі негізгі партияның еліміздегі саяси күш екендігін және өңірдің дамуына өз үлесін қосарын атап көрсетті. Соңғы кезде Мұнайлы ауданы бойынша ең өзекті мәселенің бірі осы аурухана болатын. Енді алдағы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасынан орын алған жоба бойынша, жаңа аурухана салынатын болды. "Nur Otan" партиясының төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Маңғыстау облысы бойынша сайлау алды іс-сапары негізгі мәселелердің шешілуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін!
Алға Nur Otan!
