Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЭКСПРОМНТ-КЕЗДЕСУ

Бүгін Маңғыстау облыстық және қалалық сайлауалды штабының мүшелері Е.Абилов, Ж. Мұханбетқалиқызы, Ж.Мухановпен облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Берекетов, Н.Наурызова, Қ.Джайлиев, Д.Унайбаев, Г.Жугембаева мен А. Кушикбаева №01 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде сөз алған Е.Абилов ағымдағы жылдың еліміз үшін оңай жыл болмағандығын, әсіресе пандемия кезеңінде медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылған жыл болғандығын айта келе атқарған жұмыстарына рахмет айтты.

Медицина қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты 7 басым бағыттары жайлы тоқталып өтті. Сайлауалды бағдарламада медицина саласын дамуту бағытында 2021 жылы Жаңаөзен қаласының «Ақбұлақ» шағын ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу, 2021 жылы Жаңаөзен қаласындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының филиалы үшін 3 модульді қосалқы станциясын салу (Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдары үшін), 2021 жылы Қызылсай ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу, 2021 жылы Рахат ауылының «Мерей» шағын ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу, 2021 жылы Жаңаөзен қаласының терапевтік корпусы ғимаратының құрылысын аяқтау, денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, басқа өңірлерден тар мамандарды тарту арқылы жергілікті жерлерде бекіту, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеп тұрған медициналық кадрларды ұстап қалу және жас мамандарды, оның ішінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерге тарту жұмыстары қамтылған.

Жиын соңында медицина қызметкерлері партия тарапынан жасалынып жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Еще по теме

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЭКСПРОМНТ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz