МАҢҒЫСТАУДА 1 МЛН 944 МЫҢ 700 ГЕКТАР ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ауыл шаруашылығы мақсатында 302,4 мың гектар жерді пайдалану бойынша веб-портал арқылы 297 жер пайдаланушыға хабарлама жолданды. Облыс бойынша космомониторинг жобасы аясында, «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы пайдаланылмай жатқан 2 млн.302 мың гектар 364 жайылым жерлері анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов мәлім етті. Оның айтуынша, Маңғыстау облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үлесін 0,7 % арттыру көзделген. Бүгінгі күні 122,7 мың гектар жер учаскесі айналымға енгізіліп, көрсеткішке артығымен қол жеткізілді.
«Маңғыстауда 1 млн 944 мың 700 гектар жер учаскесі жергілікі атқарушы органдардың шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар порталдан тыс Маңғыстау ауданы әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 154 941,3 га құрайтын 14 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жаңаөзен қаласы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлік мақсаттағы жалпы көлемі 24,9 гектарды құрайтын 43 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметті автоматтандыру бағытында сауда-саттықты электронды түрде өткізу қолға алынды. Қазіргі уақытта, Ақтау, Жаңаөзен қаласы және Қарақия, Мұнайлы ауданы бойынша аукцион, конкурстар www.gosreestr.kz сайтында «Электронды сауда алаңында» өткізіліп жатыр. Қалған аудандар бойынша сауда-саттықтар электронды түрде 2021 жылдан бастап өткізілетін болады»,-деді басқарма басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ
