Перейти к содержимому

Новое

Встреча с работниками сферы здравоохранения

23 декабря 2020 года в рамках реализации сетевого графика предвыборных мероприятий кандидаты в депутаты Восточно-Казахстанского областного и Бескарагайского районного маслихатов, члены районного предвыборного штаба партии «Nur Otan» провели встречу с работниками сферы здравоохранения. В ходе встречи были разъяснены основные положения Предвыборной программы, даны ответы на интересующие вопросы.

0
0
123

ЕСІКТЕН ЕСІККЕ

Партиямыздың сайлауалды кампаниясындағы басты бағыттардың бірі - азаматтардың тұрғын үйіне дейін аяқтай барып, насихат жүргізу.

Осыған орай, бүгін қалалық мәслихатқа үміткерлер Рзабек Сармановпен Жақсылық Коптлевов Теңге ауылының тұрғындарының үйлеріне барып үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Сайлауға шақыру, партияның басты бағыттарын түсіндіру мен сайлауалды бағдарламасын жіктеп ұғындыру арқылы көптеген азаматтардың алғысын алды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Nur Otan Zhanaozen

#NurOtan

#ЕсіктенЕсікке

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
149

КАНВАССИНГ

Канвассинг- сайлаушыларға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Исаева, Т.Болатбаева мен Г.Булекбаева “Халық банк” Акционерлік қоғамына барды.

Кездесу  барысында үміткерлер “Nur Otan” партиясының алдымыздағы 5 жылға дайындаған сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, жан-жақты талқылап, Жаңаөзен қаласы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарға ерекше тоқталып өтті.

«Nur Otan» партиясы ең алдымен  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтіні баса айтылды.Қаржы саласының қызметкерлері  мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң көзқарастарын білдіріп, “NurOtan" партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

1
0
196

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін Жаңаөзен қаласының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Маңғыстау облыстық депутатына үміткер Нұрым Амантаевич Ермаганбетов тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында әлеуметтік көмек сұрады.  Нәтижесінде тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, мәселесі шешілді.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.:   8(72934)56200

0
0
154

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖАҢАӨЗЕНГЕ САПАРЫ

Парламенттік сайлау қарсаңында саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Биылғы науқанның бір ерекшелігі – «Nur Otan» партиясының өкілдері жер-жерді аралап, ресми отырыс өткізгеннен гөрі қарапайым азаматтармен, кәсіпкерлермен, еңбек ұжымдарымен көптеп кездесуі.

Осыған орай «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Е.Б. Сайров, Е.А.Раушанов, облыстық штаб мүшелері Б.Қ.Жусипов, Б.Б.Жусипов, Е.Инербай және облыстық мәслихатқа кандидат Ж.Мұханбетқалиқызымен Ж. Саймағанбетов Жаңаөзен қаласына келді.

Сайлауалды штабының мүшелері «Мұнайшы» мәдениет үйінде мәдениет саласындағы қызметкерлерімен, жас мұғалімдермен, «Tenge Oil Gas» корпорацияның мұнайшыларымен, жастарға кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында Жаңаөзен политехникалық колледжі мұғалімдерімен, Қызылсай ауылының балалар және жас өспірімдер мектебінің спортшыларымен сонымен қатар «ӨМГ» АҚ-ның қарасты N1 Мұнай газ өндіру басқармасының  мұнайшыларымен кездесті.

Кездесу барысында еліміздің саяси-экономикалық дамуының кешенді аспектілері, бала мен ананы қорғау, білім сапасын көтеру, мәдениет саласын дамыту, мұнай саласының өкілдері отандық өндірушілерді қолдау, қаламыздың спорт өкілдері еліміздегі салауатты өмір салтын дамытудың мәселелері көтерілді.

Елімізде 2021 жылы  10 қаңтар күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы алдында Жаңаөзен қаласындағы партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

Тұрғындар өздерінің көкейінде жүрген ұсыныстарын айтып, өз ризашылықтарын білдіріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

1
0
124

Канвассинг с кандидатом в Мажилис Парламента РК Махатчиной Мирой Атамаловной

Кандидат в депутаты Шахтинского городского маслихата Болатбекұлы Нұрай провел встречу в формате канвассинга с кандидатом в Мажилис Парламента РК Махатчиной Мирой Атамаловной. Кандидаты обсудили предвыборную программу партии "Nur Otan".

0
0
156

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Абіш Дулатбек Назарбекұлы, Тағаев Бақтияр Мұратұлы, Нұрмаханов Ерлан Зайпұлы, Өміртай Амалбек Дәркенұлы Ордабасы ауданындағы үгіт-насихат жұмыстарын Шұбарсу ауыл округінде жалғастырды. Олар ауыл тұрғындары Мұхаммедов Махмұдбектің, Құдабаев Әлібектің үйіне барып, Канвассинг-кездесуін өткізді. 

— Өздеріңізге белгілі облыс, аудан депутаттарын сайлау уақыты жақындап келеді. Депутаттыққа үміткер кандидаттар бар күш-жігерін, білім-біліктіліктерінелге арнауға дайын екендіктерін көрсетіп бағуда. Көпшіліктің сенімінен шығу оңай емес, дегенмен халықтың сенімін ақтау үшін барымызды салудамыз. «Nur Otan» партиясы бүгінгі күнге дейін халықпен бірге қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетіп келеді. Бұдан кейін де солай болары сөзсіз. Қазақ халқы бүгінге дейін Елбасымен бірге болған. Алдағы кезде де Елбасының сындарлы саясатын сабақтастырады деген сенімдеміз,— деді Дулатбек Назарбекұлы. 

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат ауыл азаматтарын айтулы партияға дауыс беруге шақыра келіп: «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. Біздің міндетіміз – Ордабасы ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау. Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз», — деді.

Ерікті жастар күндегідей үгіт насихат үнқағаздарын тарқатып келеді.

0
0
325