Перейти к содержимому

Новое

ҮРКІСТАН – ОТЫРАР: 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ҮЛЕСІ 99,5%-ҒА ЖЕТЕДІ

Бүгін «Nur Otan» партиясынан Отырар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Алпысбай Ибрагимов Шілік ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткер «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға бағдарланған сайлауалды бағдарламасы аясында алда атқарылар жұмыстарды баяндады. Кездесуде тұрғындарды табиғи газбен қамту мәселесі сөз болды.

Айта кету керек жақында ғана Ескі Шілік, Ақтөбе, Жаңа Шілік елді мекендеріне көгілдір отын берілген болатын. Осы тарихи сәтті көптен күткен аудан халқының қуанышына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев келіп қатысты.

Қазіргі таңда аудандағы 10 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қамтылған халық саны – 24 026 тұрғын немесе 44,5%. «Nur Otan» партиясы 24 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында: 2021 жылы – Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария, Талапты, Қарғалы, Отырар, Арыс, Шойманов, Бестораңғыл, Арыс-Ақтам, Қостүйін елді мекендерінің, 2023 жылы – Жанкел, Ызакөл, Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Балтакөл елді мекендерінің, 2024 жылы – Аққұм, Бестам, Қостерек, Көлқұдық, Үштам, Ақкөл елді мекендерінің газбен қамтылуына ықпал етпек. Нәтижесінде 2025 жылға дейін газбен қамтылған елді мекендер үлесі 99,5%-ға жетеді деп күтілуде.

Кездесуде тұрғындардың өзге де сауалдарына жауап берген кандидат саяси додада жетекші партияға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.

0
0
206

Акция от двери к двери

Кандидатов в депутаты в маслихаты  РК   со студенческой молодежью города  провели акцию от двери к двери.  Избиратели должны знать, что партия открыта для всех! Мы готовы поддержать конструктивные предложения нашего народа и надеемся на взаимовыгодное сотрудничество. Вместе сделаем нашу жизнь лучше. Голосуем за «Nur Otan».

0
0
109

ТҮРКІСТАН – ОТЫРАР: «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Егемен еліміздің мерейлі мерекесі қарсаңында ауданда «Мәңгілік ел» патриоттық әндер фестивалі өтті. Қазіргі жағдайға байланысты санитарлық талаптар сақталған өнер кешінде қазақ халқының ұлттық әндері шырқалды.

Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы, кемел келешегіне деген сенім мықты болғанда ғана елде ынтымақ орнап, бірлікке бастайтын істер қарқын алады.  Мәңгілік ел мәнісін ұқтыруда ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелейтін патриоттық әндердің орны ерекше.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.  Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!»-деп келер ұрпаққа сенім артқан болатын.

Фестивальде аудан өнерпаздары қазақ елінің байтақ, дархан екенін паш ететін патриоттық әндерді көкке әуелетті.

0
0
179

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ – АШЫҚТЫҚ

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Сейтжанов аудан орталығындағы ашық сауда орындарына барып тұрғындармен, сауда орындарының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға бағдарланған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси додада жетекші партияға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.

Аумақтың сәтті дамуының кепілі – мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделермен біріктірілген азаматтардың белсенділігі болып табылады. Мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы қатынастардың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары – ашықтық, есеп беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы керек.  Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді 95%-ға жеткізуге, электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 90%-ға жеткізуге, ауданның сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын 3 есеге арттыруға, азық-түлік бағасының негізсіз көтеріліп кетпеуіне ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтер үлесі 95%-ға жетіп, сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы 3 есеге артады.

Кездесу барысында кандидат тұрғындардың түйінді мәселелерін тыңдап, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын айтты.

0
0
172

ҮМІТКЕРЛЕР ТЕМІР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

"Есіктен-есікке" акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Сейтжанов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дәурен Ақсақалов, аудандық партия филиалының сайлауалды штаб төрағасы Абай Құрман Темір ауылына барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырған кандидаттар  ауылдың экономикалық белсенділігін арттыру мен ахуалын жақсартуға бағытталған бағдарламаның ұтымды жақтарын сөз етті.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдап, осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғастырады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетін болады.

Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-тілектері тыңдап, саяси додада Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.

0
0
118

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА КЕЛЕШЕККЕ АПАРАДЫ

Елімізде Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасуда. Соның аясында бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Гүлжан Құрманбекова аудандық партия филиалының сайлауалды штабында мүмкіндігі шектеулі жандардың талап-тілегін тыңдады.  Азаматтардың инватакси, оңалту орталықтарының қызметі және көмек алу секілді сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, аталған бағыттар бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

«Nur Otan» партиясының алдағы бес жылда атқаруға тиіс жұмыстары, бағдарламалары аясына тоқталған кандидат ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Айта кету керек партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Аудан бойынша паспортталған 109 мекеме мен кәсіпорындардың 91 (83,5%) ғимаратында пандус орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 2 инватакси қызмет көрсетеді. Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру көрсеткішін 100% жеткізуге, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі 576 азаматты жұмыспен қамтуға, 2021 жылы мүгедектерге жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимін қолдай отырып, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге, әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін құру арқылы тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуге, инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 22-ден 40-қа (100%) жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру көрсеткіші 100%-ға жетіп, инклюзивті білім беретін мектептердің үлесі 100%-ға өседі.

Кездесуде көкейлеріндегі сауалдарына тұщымды жауаптар алған тұрғындар партияның бағдарлы жұмыстарына алғысын айтып,  сайлау күні барынша белсенділік танытатындарын білдірді.

0
0
101

ОҚЫТУШЫЛАР "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Бүгін партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аралбай Асан мен Наятулла Бөрібаев аудан орталығындағы Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің қызметкерлерімен насихаттық кездесу өткізді.

Басқосуда кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарын атап, соның ішінде аймақтағы білім беру сапасын арттыру жұмыстарына тоқталды.

Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Сайлауалды бағдарламаның тиімділігін қолдаған колледж ұжымы алдағы саяси додада "Nur Otan" партиясына сәттілік тіледі.

0
0
124

Акция продолжается

Кандидат  в депутаты городского маслихата от партии "Nur Otan"  Надежда Подолько    провела акцию от двери к двери среди жителей 6 микрорайона города.    В рамках проведённой акции Надежда Борисовна ознакомила педагогов с предвыборной программой партии «Nur Otan», был сделан акцент на семи приоритетных направлениях развития города. Главная цель программы – создание условий для постоянного улучшения качества жизни и благосостояния населения.


0
0
130