ҮРКІСТАН – ОТЫРАР: 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ҮЛЕСІ 99,5%-ҒА ЖЕТЕДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясынан Отырар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Алпысбай Ибрагимов Шілік ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткер «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға бағдарланған сайлауалды бағдарламасы аясында алда атқарылар жұмыстарды баяндады. Кездесуде тұрғындарды табиғи газбен қамту мәселесі сөз болды.
Айта кету керек жақында ғана Ескі Шілік, Ақтөбе, Жаңа Шілік елді мекендеріне көгілдір отын берілген болатын. Осы тарихи сәтті көптен күткен аудан халқының қуанышына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев келіп қатысты.
Қазіргі таңда аудандағы 10 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қамтылған халық саны – 24 026 тұрғын немесе 44,5%. «Nur Otan» партиясы 24 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында: 2021 жылы – Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария, Талапты, Қарғалы, Отырар, Арыс, Шойманов, Бестораңғыл, Арыс-Ақтам, Қостүйін елді мекендерінің, 2023 жылы – Жанкел, Ызакөл, Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Балтакөл елді мекендерінің, 2024 жылы – Аққұм, Бестам, Қостерек, Көлқұдық, Үштам, Ақкөл елді мекендерінің газбен қамтылуына ықпал етпек. Нәтижесінде 2025 жылға дейін газбен қамтылған елді мекендер үлесі 99,5%-ға жетеді деп күтілуде.
Кездесуде тұрғындардың өзге де сауалдарына жауап берген кандидат саяси додада жетекші партияға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.
