Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА КЕЛЕШЕККЕ АПАРАДЫ

Елімізде Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасуда. Соның аясында бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Гүлжан Құрманбекова аудандық партия филиалының сайлауалды штабында мүмкіндігі шектеулі жандардың талап-тілегін тыңдады. Азаматтардың инватакси, оңалту орталықтарының қызметі және көмек алу секілді сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, аталған бағыттар бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

«Nur Otan» партиясының алдағы бес жылда атқаруға тиіс жұмыстары, бағдарламалары аясына тоқталған кандидат ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Айта кету керек партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Аудан бойынша паспортталған 109 мекеме мен кәсіпорындардың 91 (83,5%) ғимаратында пандус орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 2 инватакси қызмет көрсетеді. Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру көрсеткішін 100% жеткізуге, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі 576 азаматты жұмыспен қамтуға, 2021 жылы мүгедектерге жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимін қолдай отырып, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге, әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін құру арқылы тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуге, инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 22-ден 40-қа (100%) жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру көрсеткіші 100%-ға жетіп, инклюзивті білім беретін мектептердің үлесі 100%-ға өседі.

Кездесуде көкейлеріндегі сауалдарына тұщымды жауаптар алған тұрғындар партияның бағдарлы жұмыстарына алғысын айтып, сайлау күні барынша белсенділік танытатындарын білдірді.

Еще по теме

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА КЕЛЕШЕККЕ АПАРАДЫ - Yvision.kz