ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ – АШЫҚТЫҚ
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Сейтжанов аудан орталығындағы ашық сауда орындарына барып тұрғындармен, сауда орындарының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға бағдарланған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси додада жетекші партияға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.
Аумақтың сәтті дамуының кепілі – мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделермен біріктірілген азаматтардың белсенділігі болып табылады. Мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы қатынастардың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары – ашықтық, есеп беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы керек. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді 95%-ға жеткізуге, электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 90%-ға жеткізуге, ауданның сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын 3 есеге арттыруға, азық-түлік бағасының негізсіз көтеріліп кетпеуіне ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтер үлесі 95%-ға жетіп, сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы 3 есеге артады.
Кездесу барысында кандидат тұрғындардың түйінді мәселелерін тыңдап, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын айтты.
