САРАПХАНА АУЫЛЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ!
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Исакулов, және басқа да үміткерлер А.Аширбаев, С.Тұрғараев, А.Құрбан, Б.Шыналиева, Д.Кубеев, Ғ.Ташимов Сарапхана ауылы Жастар саябағында тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында Е.Исакулов «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген ахуалды жақсарту бойынша шаралар, дамудың жеті басымдықтары жайлы айтып берді.
Біз Сіздерге дұрыс таңдау жасап, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз деді.
Кездесу кезінде барлық сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының кітапшасы таратылып, онда көрсетілген мақсат және міндеттермен танысуға мүмкіндік берді.
Басқосудың соңында сайлаушылар жағынан қойылған сұрақтарға заң талабына сай жауаптар беріліп, сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.
