САРАПХАНА АУЫЛЫНДА ЭКСПРОМТ КЕСДЕСУ ӨТТІ
САРАПХАНА АУЫЛЫНДА ЭКСПРОМТ КЕСДЕСУ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Исакулов, және басқа да үміткерлер А.Аширбаев, С.Тұрғараев, А.Құрбан, Б.Шыналиева, Д.Кубеев, Ғ.Ташимов Сарапхана ауылы, Майлыошақ елді мекенінде орналасқан ТОО «CG Foods Central Asia» кәсіпорны жұмысшыларымен кездесу өтті.
Үміткерлер «Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы көрсетілген басымдық бағыттарын атады.
Атап айтсақ:
1.Экономикалық тұрақты аудан;
2. Ыңғайлы аудан;
3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
4. Жастарға арналған аудан;
5. Мәдениеті мен тарихы бай аудан;
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
7.Қауіпсіз аудан.
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Біз Сіздерге дұрыс таңдау жасап, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз деді.
Кездесу кезінде барлық сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының кітапшасы таратылып, онда көрсетілген мақсат және міндеттермен танысуға мүмкіндік берді.
