ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: 2025 ЖЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ 2,5 ЕСЕ ӨСЕДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мырзахан Манапов пен Абай Құрман Көкмардан ауылындағы «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме құрды.Кездесуде халық пен билікті байланыстырып, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне үлес қосып келе жатқан еліміздегі саяси жетекші партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, пікір алмасты. Кандидаттар атқарылар істердің барысымен бөлісіп, алда келе жатқан сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.«Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 2013 жылы іске қосылған болатын. Кәсіпкер Н.Ахаев төрағалық ет…