Перейти к содержимому

Новое

#NurOtan

Түркістан-Мақтаарал:

Үгіт насихат желілік кестесіне сәйкес А. Қалыбеков ауылдық округіне қарасты елді мекен  жастарымен А.Ахментаева және К.Биболова 25.12.2020 жылы Zoom қосымшасы арқылы ой бөлісті. Үгіт насихат барысында #NurOtan партиясы Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға  және кәсіпкерлігін дамытуға қолдау көрсетендігін айтты!

0
0
130

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КАНАЛДАР МЕН ТІК ДРЕНАЖДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Нұршаев пен Тимур Адамбеков Достық ауылдық округіне қарасты Қалшораев елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер Бақберген Айтбаевтың үйінде болды. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында өткен шарада қос үміткер Бақберген ақсақалға партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы 7 басымдықтың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын түсіндірді. Ес білгелі егіншілікпен еңбектеніп келе жатқан отағасы ауылдағы тік дренаждарды қалпына келтіріп, каналдарды ретке келтіру керектігін айтады. Өйткені, ауыл шаруашылық саласы негізгі күн көрісі саналатын ауданда жердің құнарлылығын сақтап, ағын судан тапшылық көрмеу – мол өнім алудп, шаруалардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен маңызға ие.

Жергілікті мәслихат үміткерлері көтерілген мәселелерге қатысты «Nur Otan» партиясының ықпалымен ауданда тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығын айтады.

Бүгінде ауданда жүзеге асырылып жатқан «ПУИД-2» жобасы жалпы 39 796 гектар аумақты қамтып, 3 бағыт бойынша жүргізілуде. Жоба аясында 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілетін болады.

Жобаның І бағыты бойынша әзербайжандық «Акилик Груп» компаниясы қазіргі таңда жалпы ұзындығы 68,88 шақырымды  құрайтын 44 каналдың, 2 тік дренажды ұңғыманың, 37,293 шақырымды құрайтын 16 қашыртқының құрылыс жұмыстарын аяқтаса, ІІ бағыт бойынша ирандық «Туннель Саад Ариана» компаниясы 16447 гектар аумақтағы ұзындығы 337,35 шақырымды құрайтын К-16Б, К-18, К-18А каналдары тармақтарымен бірге, 100 дана тік дренаж және 262 шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделу жөндеуден өткізіп жатыр.

Ал, ПУИД-2 жобасының ІІІ бағыты бойынша израйлдік «Тахал Консалтинг Инжиниринг» команиясы ұзындығы 307,928 шақырым каналды, 130,391 шақырым су қашыртқыларын күрделі жөндеуден өткізуде.

Бүгінде ІІІ кезең бойынша 26,912 шақырымды құрайтын 8 каналдың 8,979 шақырымында бетон құю жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 56,109  шақырымды құрайтын 8 дана қашыртқының 50,583 шақырымында тазалау жұмыстары атқарылған.

Міне, осындай бастамалардың жүзеге асуына оң ықпалын тигізіп отырған «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда да агро саланың қарыштап дамуына үлкен үлес қосатындығын айтқан үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
260

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді. Мақсат – халықпен партия арасындағы байланысты нығайтып, елді мекендердегі өзекті, қолбайлау болып отырған мәселелермен танысу.

Үміткердің қабылдауында болған Атакент кентінің тұрғыны Шахноза Дадаева мемлекет тарапынан ауданда берілетін тұрғын үй кезегіне тұруына көмек беруді, сонымен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін айта айта келіпті. Өйткені, тұрақты жұмысы жоқ, жалдамалы пәтерде тұратын азаматшаның табысымен перзенттерін асырауы қиындық туғызып отыр екен.

Шахноза Дадаеваның айтқан өтініші бойынша кандидат тиісті мекемелерге сұрау салып, жұмыс жүргізетінін жеткізді.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
183

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

“Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Динара Торғауытова Мақтарал ауылдық округіне қарасты Есентаев елді мекенінің тұрғындары Малика Гарифулина, Тазагүл Нұржігітова және Аязкүл Молдабекова есімді азаматшаларды қабылдады.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар Есентаев елді мекенінің көшелерін жарықтандыру, жол, ауылдағы мәдениет үйі мен балаларға арналған спорттық алаңшалар салып беру туралы өтініштерін жеткізді.

Айтылған өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелерге сұрау салынатын, сол бойынша өтініш иелеріне жауаптар берілетін болды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
175

БОЛАШАҚ ЖЕЗКАЗГАН АТЫМЕН

Қала тұрғындарымен және адрегерлер кеңесі мүшелерімен кездескен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Юлия Викторовна «Nur Otan» партиясы алдағы сайлауға әбден пысықталған бағдарламамен қатысып жатқанын тілге тиек етті. Партияішілік іріктеу праймериз кезінде азаматтардың өтініш-тілектерін жинақтаған партия еліміздің әр өңірінде өзекті мәселелерді шешудің жолын іздеген  жеке-жеке даму бағдарламасы жасақталған. Сайлауалды бағдарлама жыл бойы "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрай келген азаматтардың өтініштерін талдау негізінде қалыптасты. 

Жиналғандар алдында сөз алған кандидат Жезқазғанда халқын көп жылдан бері ауыз судың сапасы,тұрғын үй мәселелері және өңірдегі экологиялық ахуал толғандыратынын атап өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың айтуынша, 2021 жылдан бастап республикалық маңызы бар «Жезқазған-Қызылорда» жолының құрылысы басталмақшы. Сонымен бірге, 32.000 шаршы метр тұрғын үй салу, «Тұрғын үйді жаңғырту»  бағдарламасы аясында 8 тұрғын үйді қалыпқа келтіріп, апатты деп танылған үй  тұрғындарын көшіру жұмыстары да жоспарлануда.

Партия тұрғын үйлердегі жеделсатылар мәселесін де назардан тыс қалдырмай, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту үшін 5 балабақша салуды жоспарлап отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында қаузалған  мектептердегі жүктемені азайып, үш ауысымдық оқуды жою, жасыл белдеу салу, жасыл желектерді суару, тұрғындар денсаулығына қатысты тапсырмалар да партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанына назар аудартқан  Юлия Бадина Жезқазған қаласының даму бағдарламасына кезек күттірмейтін мәселелер енгізілгенін жеткізді.  

Еңбек ардагерлер мен  қоғамның белсенділері жоғарыда аталған өңірдегі өзекті мәселелер тез арада шешілетініне сенім білдірді де Юлия Викторовнаға алдағы сайлауда сәттілік пен отандастарымыздың игілігі жолындағы істеріне табыс тіледі. 

«Біз халықпен және "Nur Otan" партиясымен бірге бәрін де еңсереміз. Ең бастысы, біз біргеміз және біздің барлық күш-жігеріміз Қазақстан халқының игілігіне бағытталған», - деп жезқазғандық сайлаушыларымен  кездесуді қорытындылады Юлия Бадина.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan # Tanday2021

0
0
145

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ОНЛАЙН СҰХБАТТАСТЫ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев пен штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов бекітілген жүйелік кестеге сәйкес «Нұрлы жол» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және Жаңа жол ауылдық округінің тұрғындарымен ZOOM платформалық жүйесі арқылы жүздесті.

Онлайн форматта өткен шарада үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдығына тоқталды. Аталмыш басымдықтар мен бағдарламалардың негізінде ауданның даму алгоритмі жасалғанын жеткізді. Жаңа жолдықтармен әлеуметтік желі арқылы жүздескен үміткерлер игі істердің бастамашысы болып келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
161