ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
“Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Динара Торғауытова Мақтарал ауылдық округіне қарасты Есентаев елді мекенінің тұрғындары Малика Гарифулина, Тазагүл Нұржігітова және Аязкүл Молдабекова есімді азаматшаларды қабылдады.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар Есентаев елді мекенінің көшелерін жарықтандыру, жол, ауылдағы мәдениет үйі мен балаларға арналған спорттық алаңшалар салып беру туралы өтініштерін жеткізді.
Айтылған өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелерге сұрау салынатын, сол бойынша өтініш иелеріне жауаптар берілетін болды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
