Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді. Мақсат – халықпен партия арасындағы байланысты нығайтып, елді мекендердегі өзекті, қолбайлау болып отырған мәселелермен танысу.

Үміткердің қабылдауында болған Атакент кентінің тұрғыны Шахноза Дадаева мемлекет тарапынан ауданда берілетін тұрғын үй кезегіне тұруына көмек беруді, сонымен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін айта айта келіпті. Өйткені, тұрақты жұмысы жоқ, жалдамалы пәтерде тұратын азаматшаның табысымен перзенттерін асырауы қиындық туғызып отыр екен.

Шахноза Дадаеваның айтқан өтініші бойынша кандидат тиісті мекемелерге сұрау салып, жұмыс жүргізетінін жеткізді.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
142

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ - Yvision.kz