Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КАНАЛДАР МЕН ТІК ДРЕНАЖДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Нұршаев пен Тимур Адамбеков Достық ауылдық округіне қарасты Қалшораев елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер Бақберген Айтбаевтың үйінде болды. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында өткен шарада қос үміткер Бақберген ақсақалға партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы 7 басымдықтың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын түсіндірді. Ес білгелі егіншілікпен еңбектеніп келе жатқан отағасы ауылдағы тік дренаждарды қалпына келтіріп, каналдарды ретке келтіру керектігін айтады. Өйткені, ауыл шаруашылық саласы негізгі күн көрісі саналатын ауданда жердің құнарлылығын сақтап, ағын судан тапшылық көрмеу – мол өнім алудп, шаруалардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен маңызға ие.

Жергілікті мәслихат үміткерлері көтерілген мәселелерге қатысты «Nur Otan» партиясының ықпалымен ауданда тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығын айтады.

Бүгінде ауданда жүзеге асырылып жатқан «ПУИД-2» жобасы жалпы 39 796 гектар аумақты қамтып, 3 бағыт бойынша жүргізілуде. Жоба аясында 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілетін болады.

Жобаның І бағыты бойынша әзербайжандық «Акилик Груп» компаниясы қазіргі таңда жалпы ұзындығы 68,88 шақырымды құрайтын 44 каналдың, 2 тік дренажды ұңғыманың, 37,293 шақырымды құрайтын 16 қашыртқының құрылыс жұмыстарын аяқтаса, ІІ бағыт бойынша ирандық «Туннель Саад Ариана» компаниясы 16447 гектар аумақтағы ұзындығы 337,35 шақырымды құрайтын К-16Б, К-18, К-18А каналдары тармақтарымен бірге, 100 дана тік дренаж және 262 шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделу жөндеуден өткізіп жатыр.

Ал, ПУИД-2 жобасының ІІІ бағыты бойынша израйлдік «Тахал Консалтинг Инжиниринг» команиясы ұзындығы 307,928 шақырым каналды, 130,391 шақырым су қашыртқыларын күрделі жөндеуден өткізуде.

Бүгінде ІІІ кезең бойынша 26,912 шақырымды құрайтын 8 каналдың 8,979 шақырымында бетон құю жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 56,109 шақырымды құрайтын 8 дана қашыртқының 50,583 шақырымында тазалау жұмыстары атқарылған.

Міне, осындай бастамалардың жүзеге асуына оң ықпалын тигізіп отырған «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда да агро саланың қарыштап дамуына үлкен үлес қосатындығын айтқан үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
225

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КАНАЛДАР МЕН ТІК ДРЕНАЖДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР - Yvision.kz