БОЛАШАҚ ЖЕЗКАЗГАН АТЫМЕН
Қала тұрғындарымен және адрегерлер кеңесі мүшелерімен кездескен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Юлия Викторовна «Nur Otan» партиясы алдағы сайлауға әбден пысықталған бағдарламамен қатысып жатқанын тілге тиек етті. Партияішілік іріктеу праймериз кезінде азаматтардың өтініш-тілектерін жинақтаған партия еліміздің әр өңірінде өзекті мәселелерді шешудің жолын іздеген жеке-жеке даму бағдарламасы жасақталған. Сайлауалды бағдарлама жыл бойы "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрай келген азаматтардың өтініштерін талдау негізінде қалыптасты.
Жиналғандар алдында сөз алған кандидат Жезқазғанда халқын көп жылдан бері ауыз судың сапасы,тұрғын үй мәселелері және өңірдегі экологиялық ахуал толғандыратынын атап өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың айтуынша, 2021 жылдан бастап республикалық маңызы бар «Жезқазған-Қызылорда» жолының құрылысы басталмақшы. Сонымен бірге, 32.000 шаршы метр тұрғын үй салу, «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы аясында 8 тұрғын үйді қалыпқа келтіріп, апатты деп танылған үй тұрғындарын көшіру жұмыстары да жоспарлануда.
Партия тұрғын үйлердегі жеделсатылар мәселесін де назардан тыс қалдырмай, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту үшін 5 балабақша салуды жоспарлап отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында қаузалған мектептердегі жүктемені азайып, үш ауысымдық оқуды жою, жасыл белдеу салу, жасыл желектерді суару, тұрғындар денсаулығына қатысты тапсырмалар да партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанына назар аудартқан Юлия Бадина Жезқазған қаласының даму бағдарламасына кезек күттірмейтін мәселелер енгізілгенін жеткізді.
Еңбек ардагерлер мен қоғамның белсенділері жоғарыда аталған өңірдегі өзекті мәселелер тез арада шешілетініне сенім білдірді де Юлия Викторовнаға алдағы сайлауда сәттілік пен отандастарымыздың игілігі жолындағы істеріне табыс тіледі.
«Біз халықпен және "Nur Otan" партиясымен бірге бәрін де еңсереміз. Ең бастысы, біз біргеміз және біздің барлық күш-жігеріміз Қазақстан халқының игілігіне бағытталған», - деп жезқазғандық сайлаушыларымен кездесуді қорытындылады Юлия Бадина.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan # Tanday2021

