Перейти к содержимому

Новое

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕР ЖОЛДАСОВ ПЕН ЖҰМАДІЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУДЕ

аудан тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізу жұмыстарын жалғастыруда. Партияның Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінің биі Тилло Файзиевпен кездесті. Жүздесу барысында партияның қоғамдағы беделі мен атқарған жұмыстары, қабылдаған бағдарламаларының нәтижелері кеңінен сөз болып, 2025 жылға дейінгі бекітілген сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Бағдарламада сан саланы топтастырып, қамтыған 7 басымдық талқыланды.Қарапайым халықтың мүддесі мен талап-тілегін бірінші орынға қойып, айтылған ұсыныстардың шешілу жолдарын қарастыруды күн тәртібінен түсірмеген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалынан жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Ералы Жұмаділов пенАлданияз ЖолдасовКандидатпен өткен кездесу…

0
0
201

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР АУДАННЫҢ ЕҢ ҚАРТ ТҰРҒЫНЫНАН БАТА АЛДЫ

«Қариясы бар елдің – қазынасы бар». Осынау бір сөйлемнің астарына үңілсек қанша мағына, мән жатыр. Өйткені, ауылдың ауызы дуалы ақсақалдары туған жердің, оның дамуы мен өрлеу кезеңінің, ел басқарған игі жақсыларының еңбектерін еш өзгеріссіз сақтап, ұрпақтан-қрпаққа аманат етілетін шежіресі іспетті. Міне, сол қариялардың ақылын тыңдау, батасын алу – қазақтың қанына сіңген қасиеттерінің құндысы. «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер» деген даналық сөз осыдан қалса керек.Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев саяси науқанның шешуші кезеңінде Мақтаарал ауданының ең қарт тұрғыны 102 жастағы Саттар Исаевтың шаңырағында болып, батасын алды. Ғұмыр бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, тасбақасы домалап, жантағы қаптаған Мырзаш…

0
0
235

КАНДИДАТТАР ХАЛЫҚ ОРТАСЫНДА

Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ел ішінде кездесулер ұйымдастыруды одан әрі жалғастыруда. Кандидаттар «Есіктен-есікке» шарасы бойынша аудан орталығы мен ауылдық округтерде тұрғындармен дидарласып, оларды сайлау кезінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сайлаушылар да өз кезектерінде өтініштерін айтып, кандидаттарға ізгі тілектер білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
117

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДАҒЫ 8 МЫҢНАН АСТАМ АРДАГЕР «NUR OTAN»-ДЫ ҚОЛДАЙДЫ

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарының сайлауына да санаулы күндер қалды. Осыған байланысты үгіт-насихат жұмыстары да қыза түскен.Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Мырзакент кентінің тұрғыны, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Сейітбек Оңғаровтың шаңырағында болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында өткен жүздесуде үміткерлермен ел ағасы ашық сұхбат құрып, тәуелсіз Қазақстанның кешегісі мен бүгінін таразылап, қол жеткізген жетістіктерін дәріптеді. Болашағына бағдар жасады.Саналы ғұмырын елдің, туған жердің түрленуіне сарп еткен Сейітбек ақсақал бұқар…

0
0
137

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУҒА АТСАЛЫСАДЫ

Сапалық тұрғыда экономикада, әлеуметтік пен білім, денсаулық пен мәдениет салаларында анағұрлым жетістіктерге қол жеткізген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Аданияз Жолдасов пен Гүлмира Орақбаева «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекенінің тұрғыны Ералхан Мырзабаевпен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен, ондағы 7 басымдықпен таныстырды. Ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, сұрақтарына жауап берді.Еркін сұхбат барысында ауыл тұрғыны елді мекендерді газдандыру, ауылға медициналық пункт салу мәселесін көтерді. Айтылған ұсыныстарға байланысты кандидаттар аудандағы газдандыру мен денсаулық сақтау саласы бойынша алдағы 5 ж…

0
0
139

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КӨПБАЛАЛЫ АНА КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ

«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Динара Тұрғауытова, Гүлмира Орақбаева мен Бауыржан Абдраимов Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Азаттық елді мекенінің тұрғыны Мариям Қоспаевамен кездесті. Партияның жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында 7 перзентті өмірге алып келген «Алтын алқа» иегері, көпбалалы батыр анаға партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, негізгі 7 басымдыққа, ондағы қамтылған салаларға жеке-жеке тоқталды.Партияның аудандық филиалы тарапынан өңірдегі бірлік пен саяси тұрақтылықты, рухани келісімді одан әрі дамытуға ықпал ететін, тұрғындардың қоғамдық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағыт…

0
0
133

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫ АРТЫП, ТИІМДІ ПАЙЫЗДЫ НЕСИЕЛЕР БЕРІЛЕДІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев Жамбыл ауылдық округінің Жалын ауылында орналасқан мал бордақылау алаңында болды. Ондағы жұмысшылармен тілдесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Басымдықтарына тоқталды. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.Бүгінде ауылдағы 5 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған жас кәсіпкер Тістібай Сраиловтың меншігіндегі аталмыш алаңда 187 бас қошқар мен 67 бас өгіз, 10-ға тарта жылқы бар. Бордақы ірі қараның 57 басы ақбас тұқымынан болса, 10 бас жергілікті тұқымды ашатұяқты. Кәсіпкердің айтуынша шамамен 5 айда бір тоннаға дейін ет беретін ақбас тұқымды бұқалар күніне 1,2 келіге дейін салмақ қосады…

0
0
140

#NurOtan

Мақтарал ауданындағы, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендер тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынған үйлердің кем кетіктері жөнінде әңгіме болды.

Тұрғындардың айтуынша, мердігердің шұғыл әрекетуімен жөнделіпті. Ризашылықтарын білдірді.

Бірігіп көтерген жүк жеңіл деген халқымның тауып айтқан сөзінің тағы бір дәлелін көрдік.

0
0
128

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «КАНВАССИНГ» АЯСЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Динара Тұрғауытова, Гүлмира Орақбаева мен Бауыржан Абдраимов Мақтаарал ауыл округі, Азаттық елді мекенінің тұрғындары Атабек – Оразкүл Абдурановтардың шаңырағында болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында сайлаушылармен еркін әңгіме құрып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, негізгі 7 басымдықты түсіндірді.Басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау болып табылатын бағдарламада қамтылмай қалған сала жоқ. Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саналатын ауданның медицина, білім, әлеуметтік-құқықтық, ұлтаралық татулық, саяси тұрақтылық мәселелері толық қамтылған.Сонымен қатар, партия «Ауыл – Ел б…

0
0
127

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: 100 ЖАСАР КЕЙУАНА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ БАТАСЫН БЕРДІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Алданияз Жолдасов пен Гүлмира Орақбаева бүгін Еңбекші ауылдық округінің Шұғыла елді мекенінде болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында үміткерлер ғасыр жасаған Лескүл Мамбетованың үйінде болды. Қарт анамен тілдесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Алдағы 5 жылда жүзеге асырылуы тиіс жұмыстардың жоспарымен таныстырды. 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.1922 жылы өмірге келіп ашаршылық, Ұлы Отан соғысы секілді қасіретті жылдарды көзі көрген қос ғасырдың куәсі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жағдайына шүкіршілік айтады. «Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламаларға жоғары бағасын берді.…

0
0
103