Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КӨПБАЛАЛЫ АНА КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ

«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Динара Тұрғауытова, Гүлмира Орақбаева мен Бауыржан Абдраимов Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Азаттық елді мекенінің тұрғыны Мариям Қоспаевамен кездесті. Партияның жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында 7 перзентті өмірге алып келген «Алтын алқа» иегері, көпбалалы батыр анаға партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, негізгі 7 басымдыққа, ондағы қамтылған салаларға жеке-жеке тоқталды.

Партияның аудандық филиалы тарапынан өңірдегі бірлік пен саяси тұрақтылықты, рухани келісімді одан әрі дамытуға ықпал ететін, тұрғындардың қоғамдық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын болады.

Қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтар сақталып, саяси тұрақтылық пен рухани келісім дамиды. Батыр ана 10 қаңтар күні болатын сайлауда ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді тұрақтандыруға негізделген жобаларды жүзеге асырып келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге уәде еткен батыр ана кандидаттарға сәттілік тіледі.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
127

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КӨПБАЛАЛЫ АНА КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ - Yvision.kz