ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕР ЖОЛДАСОВ ПЕН ЖҰМАДІЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУДЕ
аудан тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізу жұмыстарын жалғастыруда. Партияның Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінің биі Тилло Файзиевпен кездесті. Жүздесу барысында партияның қоғамдағы беделі мен атқарған жұмыстары, қабылдаған бағдарламаларының нәтижелері кеңінен сөз болып, 2025 жылға дейінгі бекітілген сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Бағдарламада сан саланы топтастырып, қамтыған 7 басымдық талқыланды.Қарапайым халықтың мүддесі мен талап-тілегін бірінші орынға қойып, айтылған ұсыныстардың шешілу жолдарын қарастыруды күн тәртібінен түсірмеген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалынан жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Ералы Жұмаділов пенАлданияз Жолдасов
Кандидатпен өткен кездесу барысында Тилло Закируллаұлы ауылдардың, әсіресе, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту керектігін алға тартты.
Елмен етене жұмыс жүргізіп келе жатқан «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдай отырып, «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыруды жалғастыра беретін болады.
2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту Мақтарал ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары таза ауыз су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізетін болады. Бұл партияның алға қойып отырған басымдықтарының бір бағыты.
«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» шарасы аясында өткен кездесуде партияның алдағы 5 жылдыққа арналған жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын түсіндірген үміткерлер Алданияз Жолдасов пен Ералы Жұмаділов алдағы сайлауда Елбасы партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
