Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «КАНВАССИНГ» АЯСЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Динара Тұрғауытова, Гүлмира Орақбаева мен Бауыржан Абдраимов Мақтаарал ауыл округі, Азаттық елді мекенінің тұрғындары Атабек – Оразкүл Абдурановтардың шаңырағында болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында сайлаушылармен еркін әңгіме құрып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, негізгі 7 басымдықты түсіндірді.

Басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау болып табылатын бағдарламада қамтылмай қалған сала жоқ. Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саналатын ауданның медицина, білім, әлеуметтік-құқықтық, ұлтаралық татулық, саяси тұрақтылық мәселелері толық қамтылған.

Сонымен қатар, партия «Ауыл – Ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жұмыстарын жалғастыра беретіндігін айтқан үміткерлер алдағы 5 жылда ауданның ауыз су, жол, әлеуметтік мәселелері толық шешіліп, инфрақұрылымдық нысандарына қол жеткізетіндіктерін жеткізді.

Кездесу соңында кандидаттар үнпарақшаларды үлестіріп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
119

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «КАНВАССИНГ» АЯСЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz