ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУҒА АТСАЛЫСАДЫ
Сапалық тұрғыда экономикада, әлеуметтік пен білім, денсаулық пен мәдениет салаларында анағұрлым жетістіктерге қол жеткізген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Аданияз Жолдасов пен Гүлмира Орақбаева «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекенінің тұрғыны Ералхан Мырзабаевпен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен, ондағы 7 басымдықпен таныстырды. Ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, сұрақтарына жауап берді.
Еркін сұхбат барысында ауыл тұрғыны елді мекендерді газдандыру, ауылға медициналық пункт салу мәселесін көтерді. Айтылған ұсыныстарға байланысты кандидаттар аудандағы газдандыру мен денсаулық сақтау саласы бойынша алдағы 5 жылда атқарылар істердің жоспарларымен бөлісті.
2018 жылы 69 елді мекенің 27-і, яғни, 57,8% тұрғындары табиғи газбен қамтылған болса, 2018-2019 жылдары жүргізілген жұмыс нәтижесінде тағы 9 елді мекенге газ жеткізіліп, газбен қамтылған тұрғындар үлесі 63%-дан асқан. Қалған тұрғындарды газбен қамту үшін құны 5 млрд теңге болатын 11 жоба – 1 АГРС пен 1 газ құбыры, 9 елді мекеннің құжаттары дайындалып, соның ішінде 6 нысанның құрылысына бюджеттен қаржы қарастырылуда. Ал, қалған 5 нысанның құрылысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде екендігін айтқан кандидаттар аудандағы денсаулық сақтау саласы бойынша да алдағы 5 жылда ауылдарда 3 медициналық пункт пен 10 санитарлық автокөлік сатып алуға көмек беруді және аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде 12 дәріхана пунктінің ашылуына ықпал жасауды жоспарына енгізген «Nur Otan» партиясы аудандық аурухананы магниттік-резонанстық томография (МРТ) мен компьютерлік томографиялық ангиография (КТА) аппараттарымен қамтамасыз ететіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандартқа сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдай отырып ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға дәрі-дәрмекке деген қолжетімділікті қамтамасыз ету, адам өлімінің санын азайту жобалары бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізбек.
Аталмыш жоспарларды жүзеге асыру арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 72,6 жасқа жеткізуге ықпал етпек.
Партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған салалардың жүйелі жоспарларымен бөліскен үміткерлер алдағы сайлауда «Nur Otan»-ға қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
