АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Әр адамның өміріндегі басты құндылықтардың бірі – ол отбасы. Байқауға қатысқандардың саны көп болды. Жалпы Алматы облысы бойынша бұл байқауға 150 өтінім келіп түсті. Әр отбасының бейнероликтері жан-жақты талданды және бүгін ең көп дауыс алғандар марапатталды.Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мүшелері арасында достық қарым-қатынасты, парасаттылықты, адалдықты қалыптастыру, саналы тұлғаны дамыту және прогрессивті идеялары бар оқушыларды анықтау. Байқау жеңімпаздары арнайы дайындалған мадақтау қағаздарыжәне бағалы сыйлықтармен марапатталды.Бейнероликтердің негізгі бағыты балаларға парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған. Байқау екі кезеңде өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңі -аудандық (қалалық) деңгейде үздік…