«Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» халықаралық онлайн - турнирі = Международный онлайн-турнир «Мы знаем Ибрая Алтынсарина»
11 қараша күні кітапханада Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» атты онлайн-турнир өтті.Зияткерлік сайыста Қарағанды қаласындағы №97 гимназия мен Қостанай қаласындағы №18 мектеп-гимназиясының командалары бақ сынасты.Сайыс бағдарламасы 9 кезеңнен тұрды. Қатысушылар ұлы ағартушының өмірбаяны, педагогикалық мұрасы мен әдеби шығармашылығы туралы терең білімдерін көрсетіп, өзара білім додасына түсті.Мерекелік шараның ерекше сәнін қорытынды нәтижелер жарияланар алдында оқушылардың орындауындағы әсем музыкалық нөмірлер келтірді.Кездесу соңында қазылар алқасы турнир қорытындысын шығарып, жеңімпаздардың есімдерін жариялады. Сонымен қатар екі команданың да дайындық деңгейінің жоғары екендігін атап өтті. Ту…


