Перейти к содержимому
zko.nurotan.kz

Филиал ЗКО

@zko.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

702

пікірлер

0

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Мәжіліс депутаты туған жерінде

Бүгін ауданға Парламент Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар келіп, Жәнібек ауылында бой түзеп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Мәжіліс депутаты алдымен 160 көрерменге арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.Кешеннің құрылысы 2019 жылы басталды. Қазіргі таңда аумақты абаттандыру, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Нысан биыл тамыз айының аяғында қолданысқа берілмек. Құрылыс жұмыстарын «Наурыз СКФ» ЖШС жүргізуде.Келесі кезекте Мәлік Иманқұлұлы аудан орталығында салынып жатқан екі қабатты 12 пәтерлік екі тұрғын үйге ат басын тіреді. Нысан ішін аралап, ондағы жұмысшылармен тілдесіп қайтты. Құрылыс 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша басталған. Мердігер болып «ЭнергоРемСервис» ЖШС танылды. Құрылыстың құны 281 млн теңгені құрайды. Нысан тамыз айының а…

1
0
354

Мирас отырысы өткізілді

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібінде: «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша Жол картасының бағыттарына сәйкес Бөкейорда ауданында, Хан ордасы ауылындағы 909,1 шаршы метр тарихи - мәдени, сәулет-этнографиялық кешеннің құрылысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерін дамыту, насихаттау, Орал қаласындағы 1000 орындық концерт залы бар мәдениет сарайының құрылысы, облысымыздың қасиетті жерлерін 3D форматында аралау бойынша интерактивті сапарларды енгізу секілді сұрақтар қарастырылды. Кеңес барысында Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және…

1
0
249

“Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасы аймақтарда ойдағыдай жүзеге асырылуда

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап, "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауда. Орал қаласындағы жиһаз фабрикасына барған халық қалаулылары кәсіпорын жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Өйткені бұл кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ірі екі жобасын қаржыландырған. Енді ел аумағымен шектелмей, алыс-жақын шет елдерге де өз өнімін өткізіп жатыр. Юрий РОГАНОВ, КӘСІПОРЫН ӨКІЛІ: Депутаттарға жаңадан салынған цехтың ғимаратын көрсеттік. Бұл цех 11 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Тек пандемияға байланысты жоспарымыз жарты жылға кешікті. Дегенмен осында шетелден әкелінген жаңа қондырғылардың 95 пайызы жұмысқа дайын. Түрлі төсек жабдығын өзіміз де жасай аламыз. Снежанна ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮ…

1
0
236

Оралдағы жағажайдағы жанжалына «Nur Otan» партиясы араласты

Оралда саяжай иелері мен кәсіпкер жағажай үшін дауласып жатыр. Арадағы даудың басталғанына екі жылдан асыпты. Сол кезде өзен жағасын игеріп, балық өсіруді ұсынған кәсіпкердің идеясы өңірде өтімді инвестжоба ретінде мақұлданған. Кейін ол осы аумақтан жағажай құрылысын бастапты. Бірақ бұған тұрғындар қарсы. Лариса РУМЯНЦЕВА, «МИЧУРИНСКОЕ» БАҒБАНДАР ҚОҒАМЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Құрылыс кезінде осы маңдағы тоғай оталып, экожүйе бүлінді. Жағаға құм төгіп, жүгірген аң мен ұшқан құсты үркітті. Енді жағажайдағы күн сайынғы шудан біздің мазамыз май ішкендей болып отыр. Татьяна ТРИФОНОВА, КӘСІПКЕРДІҢ ӨКІЛІ: Ешқандай экожүйе бұзылған жоқ. Өзеннің арнасы да өзгермеді. Егер табиғатқа зиян келтірсек, тексеруден көз ашпас едік қой. Экологтардың бізге қояр талабы жоқ. Өйткені осы ісіміздің бәрін заңдастырып, келіс…

1
0
506

Даулы баспананың дабырасы

Тұрғындар Орал қаласының Зашаған кентінде салынған үйдің сапасына байланысты «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен дауласқанына екі жылдай уақыт өтіпті. 2019 жылы пайдалануға берілген тоғыз қабатты үй әлі күнге аталған компанияның меншігінде тұр. «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы баспана бойынша шағым жасаған тұрғындармен кездесті. Айта кетейік, бұрын компания атауы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ» болған.– Қызым жалғызбасты ана санатымен жаңа пәтерге қол жеткізді. 2019 жылдың маусым айында бірінші қабаттағы пәтерге орналастық. Мен де қызыммен бірге тұрамын. Уақыт өте үйдің сапасыз салынғаны белгілі болды. Қыс бойы жертөледе мотордың даусы гүрілдеп шығады. Тіпті пәтеріміздің едені дірілдейді. Жиектасты балкон тұсына дейін тая…

1
0
328

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы Ақжайық ауданына барды

12 шілде Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы ауданның тыныс тіршілігімен танысты. Сенат депутаты алдымен Тайпақ ауылдық округінде болып, ауылдық аурухананың, күрделі жөндеуді қажет ететін Ы.Алтынсарин атындағы мектептің, тұқымды малды асылдандырумен айналысатын "Еркін-Берік" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кейін аудан ортылығында жүргізіліп жатқан Жайық жағалауының бекіту жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындар үшін маңызды құрылыс жоспарына қатысты өз ойын білдірді.Нариман Төреғалиұлы Чапаев ауылында ақиық ақын Ж.Молдағалиевтың ғасыр тойы қарсаңында бой көтерген Жұбан орталығында болып, орталықтың жұмысын оң бағалады.Сонымен қатар сенат депутаты Тайпақ және Чапаев ауылының зиялы қауым өкілдерім…

1
0
200

Облыстық мәслихат депутаты тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ирменов Камидолла Мүтиғоллаұлы тұрғындарды қабылдады.Қабылдауға денсаулығына байланысты жұмысқа орналаса алмай жүрген Ақжайық ауданының тұрғыны келді. Тұрғынның айтуы бойынша 2013 жылы денесін күйік шалған. Күйік салдарынан екі қолдары жарамсыз болып қалды. Күйік салдарынан еңбекке жарамсыз болғандықтан, мүгедектік алуға қиындықтар туындап отыр. Бірнеше жыл мүгедектік мәртебесін ала алмай жүргендігі белгілі болды.Депутаттан бұл мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Депутат тарапынан келген тұрғынға барлық заңнамаларға сәйкес, кеңестер берілді.Келесі болып жеке көмекшісімен бірге жүріп-тұруы қиын І топ мүгедегі келді. Қабылдау барысында тұрғынның үй жалдап тұратыны белгілі болды. Жалғызбасты қала тұрғыны өзінің…

0
0
186

«Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өткізілді

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өткізілді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі М.Мұқаев фракция мүшелеріне фракцияның ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының 2021 жылғы 14 қаңтардағы жиналысында барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайту, халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізу, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдау жүргізу, мемлекеттік органдардың есептілігін бақылау туралы міндеттер қойылған болатын.Осы міндеттерді орындау мақсатында 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша халық арасында Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! Сай…

1
0
215

ҚР Парламентінің депутаттары жұмыс сапарымен Сырым және Қаратөбе аудандарына барды

Ағымдағы жылдың 7 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен Сырым және Қаратөбе аудандарына жұмыс сапарымен барды. Сенаторлар Сырым ауданындағы Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» шаруа қожалығының мал азығын дайындау жұмыстарымен танысып, өзге де шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті.Кездесу барысында шаруа қожалықтары мал азығын жинайтын техникалар мен қажетті құрал-саймандардың бағасының қымбаттап кеткендігін тілге тиек етті.Сенаторлар сондай-ақ, «Жымпиты-Ақсай» бағытындағы жол құрылысының жұмыстарымен, Жымпитыда орналасқан «Жібек жолы» автокешенінің супермаркет сауда орнының тынысымен танысты.Қаратөбе ауданында жалғасқан іс сапар барысында Парламент депутаттары,…

1
0
175

Алғашқы өндірістік жылыжай

Оралдағы Зашаған кенті аумағында облыстағы ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Оның ашылуына орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев барып, құттықтады. -Орал жылыжай комбинаты - өңірдегі өндірістік жылыжайдың алғашқысы. 5 гектар жерде жаңа жоба іске қосылды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаға 6 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. Өткен жылы облыста 800 тонна қияр жиналған болса, жарты жылдың ішінде тестілік режімде жұмыс істеген комбинатта 1700 тонна өнім жиналды. Ең бастысы - алдымен қиярмен ішкі сұранысты қанағаттандыру, содан кейін басқа өңірлерге немесе сыртқа шығару. Бүгінде жылыжай кешенінің өніміне сұраныс күшті, Ресей Федерациясынан, басқа өңірлерден түсуде. Жылыжай голландиялық технологияларды пайдаланып салынған, өндірістік жылыжайлар кл…

1
0
257