Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Алғашқы өндірістік жылыжай

Оралдағы Зашаған кенті аумағында облыстағы ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Оның ашылуына орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев барып, құттықтады.

-Орал жылыжай комбинаты - өңірдегі өндірістік жылыжайдың алғашқысы. 5 гектар жерде жаңа жоба іске қосылды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаға 6 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. Өткен жылы облыста 800 тонна қияр жиналған болса, жарты жылдың ішінде тестілік режімде жұмыс істеген комбинатта 1700 тонна өнім жиналды. Ең бастысы - алдымен қиярмен ішкі сұранысты қанағаттандыру, содан кейін басқа өңірлерге немесе сыртқа шығару. Бүгінде жылыжай кешенінің өніміне сұраныс күшті, Ресей Федерациясынан, басқа өңірлерден түсуде. Жылыжай голландиялық технологияларды пайдаланып салынған, өндірістік жылыжайлар кластері БҚО-да қалыптасып келеді. Ресми түрде 5 гектарлық жылыжай ашылды. Жыл соңына дейін 10 гектар жылыжай ашылмақ. Онда мұндағымен салыстырғанда инвестиция көлемі де, жұмысшылар саны да екі есе көп болады. Жақында голландиялық серіктестеріміз келіп, жаңа жылыжай құрылысына кірісті, - деді Мұхтар Манкеев.

М.Манкеев жылыжай ішін аралап көрді, жұмысшылармен тілдесті. Өткен жылы іске қосылған жылыжайда қияр егілген. Аумағы 5,6 гектарды құрайды. Гидропоника технологиясы қолданылады. Мұнда өздерінің су ұңғымасы және қаладан келетін суды үнемдеп пайдаланады. Қияр +21 градус жылылықта өсірілуде. «Жылыжай бір ғана компьютермен басқарылады. Төбеде шағын метеостанса бар, соның көмегімен компьютерге желдың бағыты, күннің түсуі жөнінде ақпараттар беріледі. Соған қарай қажетінше төбе форточкалары ашылады, күн қатты ыстық болса, жабындармен жабылады. Бұл - толықтай аутоматтандырылған, 4-буынды өндірістік жылыжай. Қиярды жергілікті сауда орындарынан, базарлардан табуға болады. Көктемгі өліара шақта Қазақстанның 9 өңіріне өнім шығардық. Бізден Түркістан облысы да сатып алды», - деді, «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС-ның бас директоры Алмат Забихов.

«БҚО-да 93 жылыжай бар, Олардың жалпы көлемі 140 мың шаршы метрді құрайды. Бірінші дақыл айналымы аясында 5500 тонна көкөніс жиналды. Өткен жылы дақылдар айналымы 400 гектар болса, биыл ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 14 есеге өсті», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қуанышқали Есімов.

Жылыжайда алдағы тамыз айында екінші көкөніс түрі қызанақты өсіру жоспарланған. Жылыжай жылына 3 мың тонна көкөніс өсіре алады.

1
0
258

Осы тақырып бойынша