Ең қомақты бюджет – 327,6 млрд теңге
Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясы онлайн режімде өтті. Сессияға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты. Күн тәртібінде облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 15 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюповтың баяндауынша, облыстық бюджет көлемі 41,1 млрд теңгеге ұлғайтылды. Оның ішінде 30,1 млрд теңге республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық қоры есебінен нысаналы трансферттер мен несиелер есебінен болды. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыруға бағытталатын шығыстар 21,2 млрд теңгені құрайды.- Енгізілген өзгерістерді е…