Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Облыстық мәслихат депутаты тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ирменов Камидолла Мүтиғоллаұлы тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға денсаулығына байланысты жұмысқа орналаса алмай жүрген Ақжайық ауданының тұрғыны келді. Тұрғынның айтуы бойынша 2013 жылы денесін күйік шалған. Күйік салдарынан екі қолдары жарамсыз болып қалды. Күйік салдарынан еңбекке жарамсыз болғандықтан, мүгедектік алуға қиындықтар туындап отыр. Бірнеше жыл мүгедектік мәртебесін ала алмай жүргендігі белгілі болды.

Депутаттан бұл мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Депутат тарапынан келген тұрғынға барлық заңнамаларға сәйкес, кеңестер берілді.

Келесі болып жеке көмекшісімен бірге жүріп-тұруы қиын І топ мүгедегі келді. Қабылдау барысында тұрғынның үй жалдап тұратыны белгілі болды. Жалғызбасты қала тұрғыны өзінің категория бойынша үй кезегінде тұрғандығын айтты, бірақ кезек өте жәй жылжуы салдарынан қазіргі кезде өте қиын екендігін мәлімдеді. Тұрғынның көмекшісіне мүгедекті komek07 сайтына тіркеу қажет екендігі айтылып, тиісті көмектер берілетіндігін атап өтті.

Қабылдау барысында көп балалы ана жеке көмекшісіне де көмек қажет екендігі анықталды.

Жолдасы жол апаты салдарынан қазіргі таңда жұмысқа орналасуда қиындықтар туындағандығын айтты. Тұрғынға депутат тарапынан барлық заңнамаларға сәйкес, анықтамалық кеңестер берілді.

Қабылдауға келген әрбір тұрғын назардан тыс қалмай, барлық консультативтік және заңнамалық тұрғыдан түсініктемелер берілді. @nur_otan @baibekbk #NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
187

Осы тақырып бойынша