Есқайыр Илемесов ауданның кәсіподақ төрағаларымен онлайн форматта кездесу өткізді
Бүгін "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Илемесов ауданның кәсіподақ төрағаларымен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарға нақты жауап алды.Сонымен қатар, Есқайыр Илемесов тұрғындарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсене қатысып, еліміздің жетекші “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.








