Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Экспромт кездесу" шарасы шеңберінде

"Экспромт кездесу" шарасы шеңберінде " Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов "Әлем" азық түлік дүкенінің ұжымымен және сондағы тұтынушылармен кездесті. Кездесуде Е.Елемесов партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, алға қойылған мақсат- міндеттерге тоқталды. Кездесуде тұтынушылармен дүкен қызметкерлері атқарылып жатырған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, партия тарапынан іске асырылып жатырған шараларды оң бағалады. Сонымен қатар, олар партия кандидаттарына сәттілік тілеп, алдағы сайлауда жеңіске жетуіне тілектестік білдірді. Кездесуде "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт материалдарын таратылып берілді.

0
0
103

Осы тақырып бойынша

"Экспромт кездесу" шарасы шеңберінде - Yvision.kz