Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар жергілікті тұрғындармен сайлауалды кездесу өткізді

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауына орай бүгін Жәнібек ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар жергілікті тұрғындармен сайлауалды кездесу өткізді.

Кездесуге қатынасқан Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуаналиев, Берік Ихсанов және Тахир Кадимов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған басымдықтарды атап өтіп, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар, олар ел азаматтарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, кездесуге қатынасқан сайлаушылардың сұрақтарына егжей-текжейлі жауап берді.

Бұдан басқа, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау жөніндегі штабтың мүшесі Бекет Әліпқалиев өткізілетін сайлаудың ерекшеліктерін түсіндіріп, ауыл тұрғындарына белсенділік танытып, сайлауға қатысу арқылы «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетуге үндеу жасады.

Өз кезегінде кездесуде сөз сөйлеген ауыл тұрғыны Абылай Амиров партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ауыл тұрғындарын өз дауыстарын «Nur Otan» партиясына беруге шақырды. Сондай-ақ ол жастар мәселесіне тоқталып, ауыл шаруашылығына қажетті кадрларды дайындау бағытында М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің әлеуетін толық пайдалану қажеттілігі туралы өз пікірін білдірді.

Кездесу соңында қатысушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгт материалдары таратылды.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар жергілікті тұрғындармен сайлауалды кездесу өткізді - Yvision.kz