Партиялық бақылау аясында
Партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Берік Ықсановтың қатысуымен Жәнібек колледжінің аумағында салынып жатқан ангар құрылысында болып, құрылыс жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Кафаров» ЖК болып анықталған.Бүгінгі күнге ангарды тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан «Жас маман» жобасы аясында сатып алынатын ауылшаруашылық техникалармен агрегаттарды сақтауға арналған.

