Перейти к содержимому
zhanibek.nurotan.kz

Жанибекский филиал

@zhanibek.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 18 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

251

жазбалар

824

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Партиялық бақылау аясында

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары: «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов, «М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі» МКҚК директоры - партиялық бақылау комиссияның мүшесі Берік Ихсанов, «Қамысты мәдениет үйінің» директоры Кенжалиева Салтанат Қамысты ауылдық округінде болды.Сапар барысында партиялық бақылау тобының мүшелері Жол картасы шеңберінде Қамысты ауылында жүзеге асырылып ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу және жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы жұмыстарының барысымен…

0
0
182

Кезекті фракция отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, Біржан Қуанәлиевтің төрағалығымен аудандық филиалы фракциясының отырысы онлайн форматта өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және депутат-фракция мүшелері қатысты. Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты фракция төрағасы Б.Қуанәлиевтің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарған жұмысы туралы есебі тындалды. Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атс…

0
0
218

Партия куәлігі табысталды

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында партия куәлігін табыстау жиыны өтті.

Басқосуға «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев төрағалық етті.

Ол аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Еділ Елемесов, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Дамир Зинулин, аудандық мемлекеттік архивтің қызметкері Айымгүл Алдиярова сынды мамандарға ресми түрде партия куәлігін табыс етіп, келешекте «Nur Otan» партиясының өркендеуіне қарқынды үлес қосуға шақырды.

0
0
280

Тәуелсіздік тарихы-менің тарихым!

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Еліміздің рухы күннен – күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік – Ту, тәуелсіздік - ауа, жер - су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.Тəуелсіздік-қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең - байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан…

0
0
286

Экология жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының жанындағы Экология жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы Бауыржан Каракуловтың төрағалығымен партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелерге қатысты отырыс өткізді. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен қатар, тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты.Отырыс күн тәртібіне сай Жәнібек аудандық тұрғын-үй ,коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хаирлиев ауданда жинақталған тұрмыстық қалдықтар жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Бұдан басқа, Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ау…

0
0
257

Аудан әкімінің кезекті қабылдауы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімі Азамат Сафималиев аудан тұрғындарын онлайн режимде қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдауға 15 тұрғын жазылып, олардың 5-еуі байланысқа шыға алмады.

Қалғандары аудан басшысына жер, тұрғын үй, жұмысқа орналасу сынды мәселелерін жеткізді.

Өз кезегінде аудан әкімі Азамат Сафималиұлы тұрғындарды онлайн режимде тиісті мекеме басшылырымен сөйлестіріп, мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруға тапсырма берді.

Аталған өтініш-тілектердің арасында тұрғын үй сұраушылардың қатары көп.

0
0
170

Пандустарды тексерді

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта құру және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде мекемелерге бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың 4 санатына қолайлы жағдай жасау, кемшіліктерді жою бойынша мекемелерге ұсынымдар айтылды.

0
0
169

«Канвассинг» шарасы шеңберінде

«Канвассинг» шарасы шеңберінде «Nur Otan» партиясынан Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Берік Ихсанов Жәнібек ауылы Жәнекешев көшесі №1 үйінің тұрғыны Қаламқас Оспанованың үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.

Өз сөзінде Берік Ихсанов ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Сондай-ақ Берік Ихсанов колледжде 30 жылдан астам еңбек жасап, бүгінде зейнетке шыққан Оспанованың жеке мәселелерімен танысып, олардың оң шешілуіне атсалысуға әркез дайын екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Қаламқас Сұлтанқызы көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

0
0
192

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ-н Жәнібек ауданында іске асыру жөнінде

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев, Тау, Қамысты және Талов ауылдық округтерінде болып, Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатырған жұмыстардың барысымен танысып қайтты.Атап айтқанда, сапар барысында Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешев және Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов, Тау және Қамысты ауылдарындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды салу жұмы…

0
0
208

Екі жобаға 75 млн теңге бөлінді

Сондай-ақ бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев Қамысты және Тау ауылдық округтерінде болып, ұзындығы 2,4 шақырым болатын жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың құрылыс барысын тексерді. Екі жобаға аудандық бюджеттен 75 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Жайық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш жобаларға партиялық бақылау шаралары жүргізіліп, бақылау барысында жұмыс сапасына мән беру, құрылыс жұмыстарына тұрғындарды тарту мәселелері айтылды. Екі ауыл бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Қазіргі таңда тротуардың жүретін, салынатын орындары даярланып, көтеріл…

0
0
164