Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экология жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының жанындағы Экология жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы Бауыржан Каракуловтың төрағалығымен партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелерге қатысты отырыс өткізді. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен қатар, тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты.

Отырыс күн тәртібіне сай Жәнібек аудандық тұрғын-үй ,коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хаирлиев ауданда жинақталған тұрмыстық қалдықтар жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Бұдан басқа, Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Искаковтың ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамыту бағдарламасының мақсатты индикаторларына, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне жету жұмыстары жөніндегі есебі тындалды.

Қос отырыстың қорытындылары бойынша баяндамашылардың есептері қаперге алынып, тиісті бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

0
0
258

Осы тақырып бойынша

Экология жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті - Yvision.kz