«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ-н Жәнібек ауданында іске асыру жөнінде
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев, Тау, Қамысты және Талов ауылдық округтерінде болып, Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатырған жұмыстардың барысымен танысып қайтты.
Атап айтқанда, сапар барысында Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешев және Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов, Тау және Қамысты ауылдарындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды салу жұмыстарымен таныстырған болса, Талов ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елді мекеніндегі ауыз су құбырын салу жұмыстарын көрсетіп шықты. Топ мүшелері бұл жұмыстардың ауыл тұрғындары үшін жоғары маңызға ие екендігін тілге тиек ете отырып, жауапты тұлғалар жұмыстардың уақтылы әрі сапалы атқарылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау тиіс екендігін баса көрсетті.
Сапар барысында топ мүшелері сонымен қатар осы ауылдық округтердің әлеуметтік нысандарында болып, ауылдарда атқарылып жатырған өзге де жұмыстармен танысты.

