Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Екі жобаға 75 млн теңге бөлінді

Сондай-ақ бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев Қамысты және Тау ауылдық округтерінде болып, ұзындығы 2,4 шақырым болатын жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың құрылыс барысын тексерді. Екі жобаға аудандық бюджеттен 75 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Жайық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш жобаларға партиялық бақылау шаралары жүргізіліп, бақылау барысында жұмыс сапасына мән беру, құрылыс жұмыстарына тұрғындарды тарту мәселелері айтылды. Екі ауыл бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Қазіргі таңда тротуардың жүретін, салынатын орындары даярланып, көтерілген. Өрнектас төсеу жұмыстары басталады.

0
0
165

Осы тақырып бойынша

Екі жобаға 75 млн теңге бөлінді - Yvision.kz