«Канвассинг» шарасы шеңберінде
«Канвассинг» шарасы шеңберінде «Nur Otan» партиясынан Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Берік Ихсанов Жәнібек ауылы Жәнекешев көшесі №1 үйінің тұрғыны Қаламқас Оспанованың үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.
Өз сөзінде Берік Ихсанов ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Сондай-ақ Берік Ихсанов колледжде 30 жылдан астам еңбек жасап, бүгінде зейнетке шыққан Оспанованың жеке мәселелерімен танысып, олардың оң шешілуіне атсалысуға әркез дайын екендігін жеткізді.
Өз кезегінде Қаламқас Сұлтанқызы көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

