Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кезекті фракция отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, Біржан Қуанәлиевтің төрағалығымен аудандық филиалы фракциясының отырысы онлайн форматта өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және депутат-фракция мүшелері қатысты. Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты фракция төрағасы Б.Қуанәлиевтің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарған жұмысы туралы есебі тындалды. Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атсалысуда. Жиынды қорытындылаған филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев осы бағыттағы жұмыстарды атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек деді.

0
0
219

Осы тақырып бойынша

Кезекті фракция отырысы өтті - Yvision.kz