Мазмұнға өту
zannawliza

zannawliza

Сайтта 2017 ж. 14 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

30

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Латынға көшу кезек күттірмейді

Құрылтайда Латын әрпіне көшуді Елбасы тағы көтерді. Осы жолы 2020 жылдан арғы емес, оның бергі жағынан бастау керек дегенді жеткізді. Енді қараңыз, 2020 ға да 3 жыл ғана уақыт қалды. Алла қаласа, көзді ашып жұмғанша, нақшы бір шешімдерді қабылдайтын боламыз. Бірақ, оған біздің қоғам, экономикалық үдерістеріміз мен құндылықтарымыз дайын ба? Әркім әртүрлі айтады. Кейбіреулері, біз дайынбыз, тек, Өзбектердің жіберген қателіктерін ескеру керек дегенді қадап айтады. Енді бірі, қазірден қамшыны басу керек дейді. Стратегиялық басым мақсаттар жағынан қарасақ, латын әліпбиіне көшуіміз дұрыс қадамға жатады. Олай болатыны, бұл бастама - елдің ұлттық мүддесіне сәйкес келеді. Бүгінде экономикалық ахуал тұрақталып келе жатқандықтан, конституциялық реформадан соң, Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделерін қ…

-1
0
466

Әлемдік бірыңғай валюта қиял ма? Әлде, ақиқатты бастама ма?

Назарбаев әлемдік валюта құруды жиі айтып жүр. Бірақ, одан қандай да бір саяси мүдде іздеудің керегі жоқ, дейді кей сарапшылар. Сонда саяси мүдде болмаса, қандай экономикалық қажеттіліктер туып отыр. Неге, әлемдік валютаға мұқтаж болып қалдық? Оның пайдасы, тиімділігі мен қатар, тәуекелі мен қатері болуы мүмкін ғой. Неге, осыларды біреулер сараптап, жіліктеп айтып бермейді? Әлде, бастары жетпей ме? Ол бөлек әңгіме. Бізде бар ақпараттарға қарасақ, ортақ валюта әлемдік экономикалық тұрақтылық үшін жасалып жатқан үлкен қадам, негізгі таңдау. Бұдан, көп ел тек ғана ұтады. Онынышы экономикалық форумда Назарбаев халықаралық есептік төлем бірлігін енгізу мәселесін қарайтын уақыт жеткенін айтты. «Әлемдік қаржы архитектурасын трасформациялау қа­жеттілігі жетілдіріліп отыр. Халықаралық есептік төле…

0
0
427

Бәрі де мүмкін...

Адам, намаз үстінде басқаша сезімде болады. Әсерін, әркім өзінше түсінеді, қабылдайды. Бүкіл Түркі ақпарат құралдары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның намаз үстінде есінен танып қалғанын жазып жатыр. Одан басқа астар іздеушлер де табылуда. Бірақ, бір анығы, ол кісі аман, дені сау көрінеді. Бастысы, сол емес пе? Жағдай, Аташехир қаласындағы Мимара Синан мешітінде мұсылмандардың Ораза айт мерекесіне орай оқылатын намаз кезінде болған. Нақты мәлімет жоқ. Бірақ, бір анығы, бар мәселе Ердоғанның денсаулығына байланысты болыпты. Түркия Президентінің қант деңгейі күрт көтеріліп, есінен танған. Дәрігерлердің жедел медициналық көмектерінің арқасында, Ердоған есін жиыпты. Бізге анығы сол, қалғанын, келесі жолы айтамыз

 

Дереккөз:   HURRIYET

1
0
434

017 AV ға Заң жоқ па?(!)

Бастығымның аяңын жерге тигізбеймін деген шөпір, ЭКСПО ның дәл алдындағы баспалдаққа қарамай, көлігімен ытқып келіпті. Кәдімгі өз үйінің ауласында жүргендей. Өтірік емес. Шенеунікті дәл ЭКСПО ғимаратының алдындағы баспалдақтан күтіп алған шөпірің «ерлігі» туралы NUR.KZ порталына әлдебір оқырман осы фотоны салып жіберіпті.

Қымбат көлік мемлекеттік қызметкерлердің бірін дәл ғимараттың алдынан күтіп алған.

Әрі қарай, портал көлік шөпіріне тіпті баспалдақтар да кедергі болмаған. Ол баспалдақтардың үстіне көлікпен шығып, тиісті тұлғаны дәл есіктің алдынан күтіп алды деп жариялапты. Мынауың енді тіпті сорақы емес пе?

1
0
495

Қазақ үні — әр шаңырақта!

«Үн» деген жақсы. Үндемегеннің несі жақсы) Бұл, қыңыр сөз, қисық пікір емес! Шын сөз, жүректен шыққан жанашырлық пікір! Радионы бұрыннан тыңдайм. Жиі емес, сирек. Бірақ, толқынын жиі ауыстыратын «қиялилардан» емеспін. Қайсы ән, қай жүргізуші мықты, соны тыңдай кетем. Астана ма, шалқар ма, Авторадио ма?, шаруам шамалы… Осы, бір-екі аптаның төңірегінде бір жаңа радио пайда болғандай боп жүр. Даусы мықты, бұрындары естімеген үн, сарын өзіне «баурап» барады. Бір күні қарасам, радиодан тыңдаған әнімді, ыңылдап үйде айтып жүретін болдым. Сонымен, бұл не екен? Нендей құпиясы бар екен деп іштей іздей бастадым. Сүйтсем, бұрынғы тыңдап жүрген радиом-Қазақтың төл радиосы екен. Желідегі, ленталарды бір «сыпырып» көріп шықтым. Қарасам, Қазақ радиосының басшылығына қазақтың жанашыр азаматтарының бірі –…

0
0
638

Бұл жолы мерзімінен бұрын өтпейді...

Сайлау, құдды бір құда шақырыспен тең дүние. Әйдәй кеп шашыласың, кім көрінгеннің көңіліне қарап, ит тірлік кешесің… Сонда да, жақсы ат жоқ… Анау болмады, мынау жоқ деп күңкілдейтіндер көп кездеседі. Мына, сайлау деген саяси науқан да солай. Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге шамамен 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге жұмсалуы мүмкін. Бүгінгі күннің нарқымен, білгіштер осылай есептеп қойыпты… Былтырғы сайлаудың есеп-қисабын жүргізген -ау шамасы… Дұрыс! 8 млрд теңгеге жете қап ақшаны басқа шараға, басқа мақсатқа жұмсайық! Әлеуметтік проблемаларымызды реттейік, шешейік. Басқасы күте тұрар. Оның үстіне, биыл қып-қызыл саяси шара көбейіп кетті. Халық, тым «ойланпаз» боп кетпеу керек. Елге не керек? Елге, алдымен әлеуметтік тұрмыс керек. Нан, шәй, одан қалды, киім -кешек……

0
0
365

Әкімдердің тағайындалуынан символикалық негіз іздеудің өзі артық

Бұл, жиі қайталанатын процес. Кешегі министр бүгінгі әкім. Саяси әкімшілік қызметтегі орындарының ауысқандығы болмаса, басқасы сол баяғы қызметтік мансап. Бірақ, өндірістік шаруашылыққа келгенде, тек ептілері ғана алдына жан салмайды. Кабинеттен шықпай, кезекті мемлекеттік есеп жүргізу, баяндамалар жасап, үлкен кісімен бір жылда екі рет кездескеннен артық атқарған шаруалары көзге көрінбейді. Ол, көпір салған жоқ. Жол төсеп, әлеуметтік нысандар тұрғызған жоқ. Халықпен жиі кездесіп, қоғамдағы саяси температураның тамырын басқан жоқ… Қысқасы, таза ақ жағалылар тобынан шаруашылық-өндіріске кірісуде олардың жола бола қояр ма екен?(!) Мұны енді уақы көрсетеді. Не де болса, Сапарбаев пен Көшербаевтардың жолдарын берсін Су жаңа әкімдер: * Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәлік Мырзалин Ақмола облыс…

0
0
364