Әлемдік бірыңғай валюта қиял ма? Әлде, ақиқатты бастама ма?
Назарбаев әлемдік валюта құруды жиі айтып жүр. Бірақ, одан қандай да бір саяси мүдде іздеудің керегі жоқ, дейді кей сарапшылар. Сонда саяси мүдде болмаса, қандай экономикалық қажеттіліктер туып отыр. Неге, әлемдік валютаға мұқтаж болып қалдық? Оның пайдасы, тиімділігі мен қатар, тәуекелі мен қатері болуы мүмкін ғой. Неге, осыларды біреулер сараптап, жіліктеп айтып бермейді? Әлде, бастары жетпей ме?
Ол бөлек әңгіме. Бізде бар ақпараттарға қарасақ, ортақ валюта әлемдік экономикалық тұрақтылық үшін жасалып жатқан үлкен қадам, негізгі таңдау. Бұдан, көп ел тек ғана ұтады.
Онынышы экономикалық форумда Назарбаев халықаралық есептік төлем бірлігін енгізу мәселесін қарайтын уақыт жеткенін айтты.
«Әлемдік қаржы архитектурасын трасформациялау қажеттілігі жетілдіріліп отыр. Халықаралық есептік төлем бірлігін енгізу мәселесін байыппен қарайтын уақыт жетті. Ол әлемді валюталық соғыстардан, алаяқтықтан арылуға, сауда қарым-қатынастарында қателіктерден сақтануға, нарықтағы құбылмалықты төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді Елбасы.
Сіз не дейсіз, оқырман?
Әрі қарай, Президент:
"Бұл валюта бүкіл әлемдегі қолданушылар тарапынан қабылдануы керек. «Сондықтан, бұл іске тек қана G20 емес одан да көп мемлекеттер қатысуы үшін біз G-Global-ды ұсындық» дейді.
Бұған, АҚШ қалай қарайды? Юаны мен жаһан елін жаулап келе жатқан Қытай ше?
Меніңше, бастама дұрыс болғанымен, қолдау табу үшін біраз уақыт керек-ау
