Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ үні — әр шаңырақта!

«Үн» деген жақсы. Үндемегеннің несі жақсы)

Бұл, қыңыр сөз, қисық пікір емес! Шын сөз, жүректен шыққан жанашырлық пікір!

Радионы бұрыннан тыңдайм. Жиі емес, сирек. Бірақ, толқынын жиі ауыстыратын «қиялилардан» емеспін. Қайсы ән, қай жүргізуші мықты, соны тыңдай кетем. Астана ма, шалқар ма, Авторадио ма?, шаруам шамалы…

Осы, бір-екі аптаның төңірегінде бір жаңа радио пайда болғандай боп жүр. Даусы мықты, бұрындары естімеген үн, сарын өзіне «баурап» барады. Бір күні қарасам, радиодан тыңдаған әнімді, ыңылдап үйде айтып жүретін болдым. Сонымен, бұл не екен? Нендей құпиясы бар екен деп іштей іздей бастадым. Сүйтсем, бұрынғы тыңдап жүрген радиом-Қазақтың төл радиосы екен. Желідегі, ленталарды бір «сыпырып» көріп шықтым. Қарасам, Қазақ радиосының басшылығына қазақтың жанашыр азаматтарының бірі – Мәди Манатбек келіпті. Міне, мәселе қайда жатыр)

Содан бері, бірнеше күн өтті. Фейсбукті парақтап, кәдімгідей алаңдайтын болыппын. Енді ше, үн қосқым келеді…

Кеше ақын Серік Сейтман сүйіншілеп жазыпты:

Құрметті тыңдармандарымды бүгіннен бастап Қазақ радиосының тікелей эфиріне жол тартатын жаңа хабарымда күтемін.

Теле-радионың тұнығын лайлап жүрген әнші сымақтарды "Көркемдік кеңестің" қазанында қуырсақ деген ниет бар.

Бұл - қадірлі әріптестерім мен басшымның маған артқан зор сенімі. Хабарласып, пікір жазсаңыздар болады. Ел сөзі де ескеріледі.

 

Ай, бәсе-ау, сондай бір шаруаның басталғаны анық. Жақсылықтарың еселенсін, қазақ руханиятының жанашырлары. Ризамын, Сіздерге! Тізгін жақсы азаматтарда болса, біраз дүние жасайтынын көрсетті. Ісімен дәлелдеді.

 
0
0
639

Осы тақырып бойынша

Қазақ үні — әр шаңырақта! - Yvision.kz