Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бұл жолы мерзімінен бұрын өтпейді...

   

Сайлау, құдды бір құда шақырыспен тең дүние. Әйдәй кеп шашыласың, кім көрінгеннің көңіліне қарап, ит тірлік кешесің… Сонда да, жақсы ат жоқ… Анау болмады, мынау жоқ деп күңкілдейтіндер көп кездеседі.

Мына, сайлау деген саяси науқан да солай.

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге шамамен 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге жұмсалуы мүмкін. Бүгінгі күннің нарқымен, білгіштер осылай есептеп қойыпты… Былтырғы сайлаудың есеп-қисабын жүргізген -ау шамасы…

Дұрыс! 8 млрд теңгеге жете қап ақшаны басқа шараға, басқа мақсатқа жұмсайық! Әлеуметтік проблемаларымызды реттейік, шешейік. Басқасы күте тұрар. Оның үстіне, биыл қып-қызыл саяси шара көбейіп кетті. Халық, тым «ойланпаз» боп кетпеу керек. Елге не керек? Елге, алдымен әлеуметтік тұрмыс керек. Нан, шәй, одан қалды, киім -кешек…

Кеше, Елбасы осы мәселеге нүкте қойып, нақтылағаны жақсы болды. Көптің көңіліндегі күтпі мәселеге нүкте қойды. Енді, 21 ге дейін күтейік, депутаттарымыз да отырып қалмасын, ширатайық. Мәселені алдыға қойып, Конституциялық реформаларға қатысты Президент берген, бекіткен мәселелердің орындалуын бірге қадағалайық. Парламентті емес, үкіметті. Министрлер кабинеті ширап, өндіріс орнына айналуы керек. Ауыл ауылға, ел елге шығып, мәселені өз көздерімен көріп, шешуге ат салыссын,қалғанын уақыт көрсетеді.

       
0
0
366

Осы тақырып бойынша

Бұл жолы мерзімінен бұрын өтпейді... - Yvision.kz