Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Латынға көшу кезек күттірмейді

Құрылтайда Латын әрпіне көшуді Елбасы тағы көтерді. Осы жолы 2020 жылдан арғы емес, оның бергі жағынан бастау керек дегенді жеткізді. Енді қараңыз, 2020 ға да 3 жыл ғана уақыт қалды. Алла қаласа, көзді ашып жұмғанша, нақшы бір шешімдерді қабылдайтын боламыз. Бірақ, оған біздің қоғам, экономикалық үдерістеріміз мен құндылықтарымыз дайын ба? Әркім әртүрлі айтады. Кейбіреулері, біз дайынбыз, тек, Өзбектердің жіберген қателіктерін ескеру керек дегенді қадап айтады. Енді бірі, қазірден қамшыны басу керек дейді.

Стратегиялық басым мақсаттар жағынан қарасақ, латын әліпбиіне көшуіміз дұрыс қадамға жатады. Олай болатыны, бұл бастама - елдің ұлттық мүддесіне сәйкес келеді. Бүгінде экономикалық ахуал тұрақталып келе жатқандықтан, конституциялық реформадан соң, Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған қандай да бір стратегиялық қадамдарды жүргізу керек.

Алайда, біздің ірі корпусымыз -Үкімет осы шаруаға тас түйін дайын болу керек. Мықты, жан-жақты бағдарланған құжат керек. Түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бір сөзбен айтсақ, мәселелері толық жазылған бір кесте әзірленуі керек. Алдағы жылдан, орта мектептер мен ЖОО арналған нақты бағдарламалық құжаттарды қолға алуымыз керек. Әйтпесе, ай қарап қалуымыз мүмкін. Не нәрсені де, жоспарлап, ақылдасып шешсек, өкінбейміз. Әйтпесе, құр шығын мен даурығудан әрі аса алмауымыз мүмкін.

 
-1
0
467

Осы тақырып бойынша

Латынға көшу кезек күттірмейді - Yvision.kz