Ақ қанат арман
Армансыз адам,қанатсыз құспен тең.Расымен де,Алланың адамға берген сыйы-армандай білу.Ал,нені,қалай армандау ол әр адамның ішкі сана сенімімен тікелей байланысты.Қазақта «Арманың орындалсын!»-деген кереметтей тілек бар.Кейде асқақ арман, орындалмас арман деп те жатамыз.Бір сәт армандап,қиялға ерік берген жақсы ғой.Бірақта,өз қиялыңа шектеу қойып,арманыңды өз мақсатыңа қарай бет бұрмасаң,құрғыр сол алдамшы қиял ретінде қала бермей ме?
Жан жағыма қарасам бәрі күйбең тіршілікпен жүр,бәрінің де өз мақсаты бар.Адам түгілі қыбырлаған жәндіктің де артында бір із қалады.Әрбір адам өмір сүріп өткен жолында артынан бір із қалдыра білуі қажет екен.Бұл өмірде өз орныңды табу үшін,өз жолыңды салу үшін,тұлға болып қалу үшін мақсат пенен арман керек адамға...
Әлемде қаншама жаратылыс болса,соншама арман тілек бар.Біреу бай болуды,біреу мансап қууды, тағы біреулер денсаулығының мықты болуын тілейді.Менің де бала кезімнен бастап қызығушылығымды оятқан асқақ арманым бар,ол-журналист болу.Бала күнімнен ойымдағыны ашық айтып,ішкі сырымды қағаз бетіне түсірдім.Түрлі бағдарламаларды көріп,ондағы аға-әпкелерімізден үлгі алып,олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.Есейе келе бұл арман менің алға қойған мақсатыма айналды.Тек шындықты айтаты,әділді жақтайтын тұлға ғана журналист бола алады.Мен өзімнің бойымнан осы бір қасиеттерді байқадым.Оқуымды өте жақсы тәмамдап,ата-анамның үмітін ақтау бүгінгі таңдағы менің басты мақсатым.Кейін есейгенімде мұқтаж жандарға, ата-ана жылуын көрмеген бейкүнә сәбилерге қол үшімді созсам деймін.Ең бастысы, әрбір адам «Сен де бір кірпіш дүниеге,тетігін тап та бар қалан!»демекші қоғамнан айшықты орын алатын тұлға болуға ұмтылу керек.Сонда ғана болашаққа нық қадам баса аласың.Адам өзінің пешенесіне не жазылғаны жөнінде бейхабар.Алайда сол өмірінің мәнді де сәндә өтуі адамның өз қолында.
