Ел болам десең,бесігіңді түзе.
Ғаламторға тәуелділік-аддикцияның бір түрі,яғни тұлғаның online режимде ғаламтордан шыға алмау қабілеті.Бұл тіпті кейбір елдерде ресми түрде ауру болып саналады.Қазіргі XXI ғасырда технологиялар көз ілестірмес жылам қарқынмен дамып келеді.Қоғам да сол замана көшінен қалмауға ұмтылуда.Бұл күнде ғаламтор желісін тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 2.4 млрд адамнан асты.Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың 3/1 бөлігінен астамы ғаламтор қызметіне жүгінеді деген сөз.Технология осы үдерісінен жаңылмай дами беретін болса,алдағы 5-10 жылда жер беті халқы интернетпен толық қамтылары сөзсіз.Ғаламтор – жаһандану жолындағылардың бәрін жапырып,қазақтың өміріне,тұрмыс-тіршілігіне ептеп еніп келеді...
Тіпті еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін ұялы телефонға телміріп отыратыны бүгінде үйреншікті жәйт.Ата-анасы күндік табыс,нәпақам деп таңнан кешке дейін жұмыста болып,кешкісін баласына көңіл бөлуге де уақыты болмайды,әбден зеріккен баласына ата-анасы ұялы телефон ұстата салуды жөн көреді.Әлденеден қызық іздеген бала ютуб желісін қосып,түрлі елің мультихикаяларын көруді дағдыға айналдырады.Ондағы болып жатқан видеороликтердің қандай мазмұнда екендігінен ата-анасы бейхабар.
Міне осыдан барып ғаламторға тәуелділік пайда болады.Кейбір ата-аналар баласының шектен тыс телефонға телміруіне ұрысып,кінәләй бастайды.Бесіктен белі шықпаған бала мұншама ақпаратты қайдан білсін?Берірекке келгенде оны ата-анасы өздері үйреткен емес пе ?Ел болам десең,бесігіңді түзе деп халқымыз бекер айтпаған...
Осы мақала жазу барысында анамның айтқан оқиғасы есіме түсіп отыр.Бұл 10нан 1 отбасында бар өзекті мәселе.Баяндау барысында күн көрісті тәрбиеден жоғары қоятын жандарға сабақ болғанын қалаймын.
Алмас-үйінің кенжесі.Ата-анасы ылғи да оның айтуын екі етпеуші еді.Шамадан тыс еркеліктің есебінен бе,бәлкім есерсоқтығының кесселінен болар ,Алмас ержеткенде құлқынын тескен байлықтың соңынан еремін деп ,тура жолдан тайған жан.Анасы қаладағы достарынан кем болмасын деп компьютер сатып алып берді,алайда жағдайдың осыншама шиеленісер деп кім ойлаған. Сабақтан қайтқанда үнемі компьютерлік клубтарға баратын.Тіпті уақыт өте келе ата-анасын алдап мектеп табалдырығынан аттамастан таңның атысы кештің батысы компьютерлік клубтардың есіктерін жағалайтын.Ер жетіп,ой түзейтін жасқа келсе дағы ол бұл құмарлықтан арыла алмады.Керісінше,ол өсіне берді,ақыр аяғында құмар ойынға беріліп,бәс тігіп,барынан һәм пұлынан айырылған Алмас ата-анасын сыйлаудан қалды.Е,құлыным деп ризашылығын білдірмек ата-анасы жоқ,е бауыр еті баласы жоқ ол апталдай азамат болса дағы әлі де соқыр тиынның арбауынға бала күнінен қалыптасқан кейіпінен арылар емес.Расыменде құмар ойындар адамды еңбек етуден тиып,бос арманға жетелейді.Ең бастысы-бұл қасірет жастардың алтын уақыты мен саулығына зиян.Қаншама жас буынның оқу оқып,ізденудің орнына уақытын бос өткізіп жатқаны өкінішті.
Бүгінгі тоқшылық өмірге масаттанып,виртуалды әлемнің қызығына батып көпшілік жастар жастық шағының босқа өтіп жатқанын аңғармай да қалады.Ол өзінің уақытын жоғалтып қана қоймай,тіл сауаттылығын,шынайы өмір бақытын сезіне алмайды.Ондай жандар тереңнен түйсіне білмейтін жатып ішер мәңгүртке айналатыны сөзсіз.Бір жағынан ультра сәулелер адамның көз жанарын зақымдап,жүйке жүйесін бұзады.Осыны біле тұрып неліктен жастар тәуелділіктерін қояр емес?Бұның себебі істер тірліктің жоқтығы, қарынның тоқтығы,меніңше.
Жас буын ортасына қарай иіледі.Баланы жасында қалай тәрбиелесең,ол есейгенде де ұрпақтарына сол көрген тәрбиесін үйретпек.Демек,ұрпақтың өскелең рухани бай болу тәрбиемен ұштасып жатады. Әлеуметтік желінің зиянын жоғарыда атап өттім.Айтудан да жалықпаймын,себебі,ол-уақыттың соры.
Келешегіміз жарқын әрі баянды болсын десек балаларымызды,жас жеткіншектерімізді діни-рухани жағынан тәрбиелеуге көңіл бөлген жөн.Атам қазақ ежелден исламдық тұрғыда білім беретін мектеп медресселерде тәлім-тәрбие алып өскен. Мен өзімнің туған өлкем киелі Шиелі өлкесінің қақ ортасынан орын тепкен Шиелі орталық мешітінде екі айлық діни сауат ашу сабақтарында қаншама қыз-бозбалалар оқып жатқанын көріп еріксіз қуандым.Күніне 2 тәулік сағат 10-12 арлығында,кешкі дәрістер 6-8 дейінгі уақыт аралығында жүргізіледі.2 ай бойы осында жатып оқитын мүмкіндіктер тағы бар.Діни сауат ашу курсында 8 жастағы баладан,16-17 жастағы жеткіншекке дейін 2 ай бойы ислам тұрғысында дәріс алуына болады.Сауат ашу курснда имандылық,құран кәрім,әдеп сабақтары жүргізіледі.Әке-шешеге құрмет көрсету,дәстүр емес діни ағымдардан сақтану жолдары мен,Пайғамбарымыздан келе жатқан,арғы ата-бабамыздың ұстанған Әбу Хәлифә мәсғабін жас буынға дәріптеу мақсатында жүргізілген діни сабақтар бұғанасы енді-енді қатайып,оңды солды айыра бастаған балдырғанға тура нұрлы жолда бағдар беруші үйреткен ұстаздарға қаншама сауап келіп жатыр десеңші,шіркін!Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.с) Сіздердің ең қайырымдыларыңыз Құранды үйреніп және басқаларға да үйреткендеріңіз-деген емес пе?Дана халқымыздың не ексең соны орасың дегені тағы бар.Орталық мешіттің бас имамы Ұлжаев Бақыттың айтуынша :Ата-аналар да балаларын атақ абырой үшін емес,Ислам дінінің кәусәрімен сусындап,көкірек көзі ашылсын деген мақстапен жіберіп отыр.Өз дінін берік ұстанған, жан ғана көзі ашық ,көкірегі ояу азамат,азаматша болмақ.
Расыменде, демалыс күндері еш пайдасыз дүниелермен айналысып,мән- мағынасыз әлденелерге жалтақтаған балаларға дұрыс жолды нұсқап,дін жолына бағыт бағдар берсек нұр үстіне нұр болар еді.Ондай ортада тәрбие алған бала ешбір арамза ойға,ұрлық-қарлық,қылмыс,жат қылықтардың біріне де жоламайды.Мешіт-киелі орын.Мұнда ілім іздеген жеткіншек тек дін үйреніп қана қоймай,рухани кемелденері сөзсіз.Дәл қазіргі кезде жастардың діни және рухани мәселелері «қолдан қолға көшіп» жүр. Рухани мәселе бүгінгі күні жаттықтыруды, шынықтыруды қажет етеді. XXI ғасыр жастарының жаны мен рухы арасына үлкен жарықшақ түсті. Дәл қазір жаппай технологияланған және интернетке оңай қолжетімді кезеңде адам санасы шыңдалмаған субстанция ретінде көрінді де, сол ысылмаған санасына жүгінген жастар теріс жолға түсіп жатады. Ал дін бізге дұрыс бағытты, биік құндылықты, рухани жолды нұсқайтын ішкі дауысымызды тыңдату үшін аса қажет екенін естен шығармауымыз қажет.Жастарды теріс ағым,ұлттық мүддегі кереғар дүниелерден алыстатып,ұлтшылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу басты міндет,нақтырақ айтқанда өзекті мәселе болып отыр.
