ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Ел арна» телеарнасы қайта оралды

Бүгін Елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Ел арна» телеарнасының ашылу салтанаты болды. «Ел арна» бұрындары «Біз сізбен біргеміз!» деген ұранмен хабар таратып, көрермен көзайымына айналған, алғашқы қазақ тілді телеарналардың бірі еді. Дегенмен арнаның контенті жартылай сатып алынған, аударылған хабарлардан құралып, бөлінген ақшаны ақтай алмағандықтан, 2014 жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Ал бүгінгі қайта жаңғырған арнаның бұрынғысынан ерекшелігі тек қана қазақ тілді хабар таратып, отандық телебағдарламалар мен қазақ режиссерлері түсірген киноларды ғана көрсетеді. Бұл жөнінде арнаның ашылуына арнайы келген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бұл бастаманың кино саласындағы жас мамандарға да үлкен көмек екендігін айтып, жаңа арнаның халықтың арнасы болуына тілектестігін білдірді. Салтанатты жиында Мырзатай Жолдасбеков сөз сөйлеп, батасын беріп, талай арыстарымыз бен санамызда сілкініс тудырған тарихи тұлғаларымыздың тағылымынан сыр шертетін деректі көркем фильмдер күтетіндігін де жеткізді. Шараның соңында «Қазақ вальсінің каролі» Шәмші Қалдаяқов туралы «Әнаға» фильмі көрсетілді.

Айта кетейік, аталмыш арна «Мәңгілік ел мұрасы» деген ұранмен шығып, тәулік бойына қызмет көрсетеді.