Жауынгер-журналист Ержан Сұлтанбаевтың есімі мәңгі сақталады
Жақында Түркістан облысы Жетісай ауданы «Қоғалы» ауылы Жолдасбек Сүлейменов атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жауынгер-журналист Ержан Серікбайұлы Сұлтанбаевты еске алу құрметіне «Әскери журналистиканың дамуы мен ұлттық моделі» атты әдістемелік семинар өтті.Шара барысында заманауи үлгіде жабдықталған жауынгер-журналист Ержан Сұлтанбаев атындағы әскери оқу сыныбы ашылды. Әскери сыныпта жауынгер-журналистің балалық шағы, жігіт шағы, әскердегі жылдары, студенттік өмірі, жігіттік кезеңін қамтыған көрнекіліктермен, сондай-ақ оқу кабинетіне қорғаныстағы атыс жүйесі, шабуыл негіздері, жалпы әскери ұрыстың негізгі түрлері аталатын стендтік материалдармен жабдықталды. Оқу сыныбына Сұлтанбаевтар әулеті интерактивті тақта, соңғы үлгіде wi-fi желісіне жалғанға…